home home

Экспозиция детских рисунков, в рамках 550 – летия образования Казахского ханства.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында 2015жыл Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуын тойлау жылы болатынын атап өтті.
Осы тарихи күнге орай 2015 жылдың 11 наурызында тірек- қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп- интернатында «Ғасырлар бойы шыңдалған Мемлекеттік» тақырыбында оқушылар конференциясы өткізілді. Конференция жоғарғы сынып оқушылары үшін пленарлық отырыс түрінде, ал төменгі сынып оқушылары арасында театрлық көріністер қою түрінде ұйымдастырылды.
Конференцияға қатысушылар Қазақ хандығының құрылуы тарихын тануда  белсенділік танытты. Өткен тарихымыздың тағылымды тұстарын тани білу –  бүгінгі Қазақстанның халықаралық қауымдастықта беделі артып, оның ұлт, халық, мемлекет ретінде дамып, гүлдене түсуінің кепілі. Түп тамырымызды тани білу арқылы қазақ халқының өзіндік бай тарихы, салт- дәстүрлері мен тәуелсіз, егеменді мемлекет құруда теңдессіз тәжірибесі бар мемлекет екеніне тағы да көз жеткіземіз. 16.03.2015 ж. өткізілген жалпымектептік линейкада оқушылар конференциясына қорытынды жасалып, жекелеген мұғалімдер мен тәрбиеленушілерге конференция жұмысына  қатысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттар мен мақтау қағаздары берілді.

Архив голосований


Адрес

г.Караганда, ул.Алиханова 19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Соц. сети

© 2015 ГУ «Управление образования Карагандинской области»
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»