home home

«Ұмытылмас ешқашан, соғыс аяқталған сол күндер»

27.02.2015 ж. сағат 15.00 тірек- қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп- интернатының педагогтары мен 8-10 сынып тәрбиеленушілері арасында Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуын тойлау аясында ұйымдастырылған  «Ұмытылмас ешқашан, соғыс аяқталған сол күндер» тақырыбында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша мектептік конференция өтті.
Конференция мақсаты: мәдени және адамгершіліктік құндылықтарды сақтай білу, Ұлы Отан Соғысында ерлік көрсеткен ардагерлерімізге, отандастарымызға, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларына құрметпен қарауға үйрету.
8-10 сынып тәрбиеленушілері конференция жұмысында ерекше белсенділік таныта білді: ерлік істер жасап, орден, медальдармен марапатталған батыр- пионерлер жайлы (Кеңес Одағының батыры атағы берілген төрт пионер туралы), батыр қалалар жайлы хабарламалар жасап, көрсетілімдер ұйымдастырып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар соғыс жылдарындағы балалар тылда үлкендердің орнын басып, қажымас қайрат пен жігерлілік үлгісі бола білгені де назардан тыс қалмады.
Сөз соңында құқықтық жалпы оқу бойынша идеологиялық топ жетекшісі  Одорская К.А. балалардың назарын адамның мәдениеттілігі мен білімділігі өз Отанының тарихын танып, оның ерлері мен сол ерлердің ерлік істеріне еліктей білуінен де танылуы мүмкін екеніне аударды.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы