home home

«Ұлы Жеңіс даңқы ешқашан өшпейді»

24.02.2015 ж. сағат 14.30 тірек- қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп- интернатының 5-10 сынып тәрбиеленушілері арасында Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуын тойлау аясында ұйымдастырылған  «Ұлы Жеңіс даңқы ешқашан өшпейді» деген атпен мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.
Сайысты ұйымдастырудағы мақсат:
- оқушылар бойында отансүйгіштік қасиеттер мен Ұлы Отан Соғысы батырларына деген құрмет сезімін тәрбиелеу;
- ақындардың тақырыпты ашуда қолданатын көркемдік құралдарын тани білу;
- балалардың автор ойын жеткізе білуі: қуаныш, таңданыс, Ұлы Отан Соғысына қатысқан аға- апаларымыз үшін мақтаныш сезімі.
Гуманитарлық цикл ӘБ мұғалімдері мен ұйымдастырушы- педагог бірлесе отыра ұйымдастырған шарада әділ қазылар  алқасы қазақ және орыс тілдерінде Ұлы Отан Соғысы жайлы оқылған 25 өлеңді тыңдап, тәрбиеленушілерді мақтау қағаздарымен атап өтті.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы