home home

«Концлагер тұтқынындағы балалар» танымдық викторинасы өткізілді

04.03.2015 ж. ТҚАЗ балаларға арналған мектеп-интернатында бастауыш сыныптар арасында «Концлагер тұтқынындағы балалар» атты танымдық викторина өткізілді.
0 – 4 сынып оқушылары аталмыш шараға қатысуда белділігін танытумен қатар, Ұлы Отан Соғысы басталуы жайлы мәліметтермен танысты, уайымсыз балалық шақтың аяқасты аяқталып қиындыққа тап болған балалар жайлы видеоролик «Қалқан мен қылыш» көркем фильмінен үзінді көрсетілді. Онда балалардың концлагерлердегі қиын жағдайларын көрді. Фашистермен соғыста Жеңіске жетуге өз үлесін қосқан «Киелі соғыс», «Жеңіс күні», «Біз бағасына қарамаймыз» атты соғыс әндері айтылып, тыңдалды. «Мергендер» ойынында да оқушылар ептілік пен тапқырлық таныта білді. Поэтикалық бөлікте 3-4 сынып оқушылары соғыс жылдарындағы балалар жайлы өлеңдер оқып, «Соғыс баласы» деген екі бір-біріне келіспейтін екі керғар ұғымдағы сөздер екенін атап өтті.
Тәрбиеленушілер соғыста қайтыс болғандарды бір минуттық үнсіздік сақтау арқылы құрмет тұтып олардың теңдессіз ерлігіне бас иді.
Сөз соңында құқықтық жалпы оқу бойынша идеологиялық топ жетекшісі балалардың назарын Ұлы Отан Соғысы оқиғаларын адамдардың ұмытпай, соғыстан қайтпаған батырларымызды мақтан тұтуымыз керек екеніне аударып өтті.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы