home home

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысының аумағында білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бағынышты ұйымдардың тізіміне сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басқарушы органы ретінде белгіленді.
3. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19 ғимарат.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілермен «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кiрiсiне жiберiледi.


2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
7) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуметін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
8) білімнің, ғылымның және өндіріс интеграциясы;
9) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
10) сандық білім беру ресурстарын дамыту бойынша жағдай жасау;
11) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің дамуын қамтамасыз ету;
12) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
13) орта білім берудегі жаңартылған мазмұнға ауысу.
16. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
3) арнайы білім беру бағдарламалары бойынша балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
5) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады және солармен қамтамасыз етеді, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
6) өңірдің кадрларға қажеттілігін ескере отырып жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырады;
7) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды ұйымдастырады;
8) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
9) өңірдің кадрларға қажеттілігін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырады;
10) білім алушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда);
12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
13) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
14) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
20) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру уәкілетті органына жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;
21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
22) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
24) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
25) Қамқоршылық кеңес құрамын бекітеді және оның жұмысына жәрдем көрсетеді;
26) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
27) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;
28) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
29) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
30) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
31) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
32) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
33) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантын төлейді;
34) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
35) мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
36) білім беру ұйымындағы ішкі тәртіптің үлгілік қағидаларын әзірлейді;
37) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
38) білім саласында жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурсын немесе тікелей келіссөздерін ұйымдастырушы болып табылады;
39) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарт жасасады;
40) Қарағанды облысы бойынша білім беру саласындағы сандық технологияларды дамыту үшін жағдай жасайды;
41) мемлекеттік орган қызметкерлерінің сандық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасайды;
42) ашық ақпараттар ғаламтор-порталында Қарағанды облысының білім беру саласы бойынша салыстырмалы ашық ақпаратын орналастырады және белсенділігін қамтамасыз етеді;
43) басқа мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау бағдарламаларының ғылыми сүйемелденуін ұйымдастырады;
44) ведомстволық бағынысты ұйымдарда басқару жүйесінің қызмет етуіне бағалау жүргізеді, білім беру ұйымының басшысына оны жетілдіру бойынша ұсынымдар ұсынады;
45) республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаларға білім беру мәселесі жөніндегі ұсыныстарды жасайды және уәкілетті органның қарауына ұсынады;
46) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар бойынша алдағы қаржылық жылға және үш жылғы кезеңге бюджеттік тапсырысты әзірлейді және уәкілетті органның қарауына ұсынады;
47) белгіленген тәртіпте педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді, аудандарда, қалаларда және облыста білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санатын беру және аттестаттауды өткізу ережелерінің сақталуын үйлестіреді;
48) арнайы түзету білім беру ұйымдарының, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, түзету сыныптарының, топтардың, логоорындардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
49) даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқығын қорғауға бағытталған аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру, түзету білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік, оқу материалын қамтамасыз ету, түзету білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелеу бағдарламаларын жүзеге асыру, облыстың білім беру ұйымдарында инклюзивтік оқытуды енгізу бойынша жұмысты іске асырады;
50) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыретіндегі сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да органдардан (келісім бойынша) заңмен белгіленген тәртіпте ақпарат сұрату және алу;
2) «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара байланысты жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Білім және ғылым министрлігінің және облыс әкімінің заңнамалық актілерін қолдану бойынша жеке қолданыстағы актілер шығару;
4) облыстық білім беру жүйесінің мекемелері мен басқарма органдарының міндетті орындауы үшін өз құзыреті шегінде шешім қабылдау;
5) аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының, білім беру мекемелерінің Қазақстан Республикасы заңнамалық нормаларын, білім саласындағы құқықтық-нормативтік актілерді орындауын, сонымен қатар Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Қарағанды облысының аумақтарды дамыту бағдарламасының сақталуын үйлестіру;
6) жалпы білім беру мекемелерінің, колледждердің оқушыларын даярлау деңгейінің талдауын ескере отырып, білім мазмұнын талдау, сараптамалық бағалауды ұсыну;
7) келісімді негізде білім беру саласын дамытуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету үшін ғалымдарды, ғылыми-зерттеу ұйымдарды, баспаларды тарту, білім мәселесі жөніндегі ақпаратты тарату;
8) ведомстволық бағынышты ұйымдардың мүлікті қолдануы мен сақтауына бақылау жасайды;
9) ведомстволық бағынышты ұйымдардың мүлкін қолданыстан алып тастау немесе қайта бөлу заңға сәйкес келісіледі;
10) білім беру сұрақтарын реттейтін нормативтік құқықтық акт жобаларын құрастыруға қатысу.


3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

18. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты.
19. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарағанды облысының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.
21. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және одан босатады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін марапаттайды, материалдық жәрдем көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолданады;
3) «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметшілерімен орындалуы үшін міндетті, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқау береді;
4) құрылымдық бөлімшелер туралы Ережені, оның қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұсынады;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада қойылатын талаптардың орындалысын қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және одан босатады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын марапаттайды, материалдық жәрдем көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолданады;
«Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.


4. Мемлекеттік мекеменің мүлігі

23. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікінің болуы мүмкін.
«Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі


Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар:

1. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы»;
2. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»;
3. Қарағанды облысының білім басқармасының «Теміртау жоғары политехникалық колледжі»;
4. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды гуманитарлық колледжі»;
5. Қарағанды облысының білім басқармасының «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі»;
6. Қарағанды облысының білім басқармасының «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық техникалық колледжі»;
7. Қарағанды облысының білім басқармасының «Шахтинск технологиялық колледжі»;
8. Қарағанды облысының білім басқармасының «Абай көпсалалы колледжі»;
9. Қарағанды облысының білім басқармасының «Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі»;
10. Қарағанды облысының білім басқармасының «Жезқазған политехникалық колледжі»;
11. Қарағанды облысының білім басқармасының «Жезқазған гуманитарлық колледжі»;
12. Қарағанды облысының білім басқармасының «Жезқазған музыкалық колледжі»;
13. Қарағанды облысы білім басқармасының «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі»;
14. Қарағанды облысының білім басқармасының «Нұра көпсалалы колледжі».


Коммуналдық мемлекеттік мекемелер:

1. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі»;
2. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды агротехникалық колледжі»;
3. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі»;
4. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі»;
5. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі»;
6. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды машина жасау колледжі»;
7. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды технология және сервис колледжі»;
8. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды теміржол колледжі»;
9. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды техника-құрылыс колледжі»;
10. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі»;
11. Қарағанды облысының білім басқармасының «Теміртау техникалық колледжі»;
12. Қарағанды облысының білім басқармасының «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі»;
13. Қарағанды облысының білім басқармасының «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі»;
14. Қарағанды облысының білім басқармасының «Балқаш сервис колледжі»;
15. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі»;
16. Қарағанды облысының білім басқармасының «Жезқазған технология және сервис колледжі»;
17. Қарағанды облысының білім басқармасының «Тау-кен металлургиялық колледжі»;
18. Қарағанды облысының білім басқармасының «Сәтбаев индустриалдық колледжі»;
19. Қарағанды облысының білім басқармасының «Саран техникалық колледжі»;
20. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қаражал тау-кен техникалық колледжі»;
21. Қарағанды облысының білім басқармасының «Шет агротехникалық колледжі»;
22. Қарағанды облысының білім басқармасының «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі»;
23. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарсақпай агротехникалық колледжі»;
24. Қарағанды облысының білім басқармасының «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі»;
25. Қарағанды облысының білім басқармасының «Егіндібұлақ агротехникалық колледжі»;
26. Қарағанды облысының білім басқармасының «Бұқар-жырау агротехникалық колледжі»;
27. Қарағанды облысы білім басқармасының «Көзі кеміс балаларға арналған облыстық арнайы № 1 мектеп- интернаты»;
28. Қарағанды облысы білім басқармасының «Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған жалпы білім беру мектеп- интернаты»;
29. Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды облыстық тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаты»;
30. Қарағанды облысы білім басқармасының «Тілге ауыр зақым алған балаларға арналған мектеп- интернат»;
31. Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық № 2 арнайы мектеп -интернаты»;
32. Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық № 5 арнайы мектеп -интернаты»;
33. Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық № 1 арнайы мектеп -интернаты»;
34. Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық № 4 арнайы мектеп -интернаты»;
35. Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған № 3 облыстық арнайы мектеп интернаты»;
36. Қарағанды облысы білім басқармасының «Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған мектеп- интернаты»;
37. Қарағанды облысы білім басқармасының «№ 1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей - интернаты»;
38. Қарағанды облысы білім басқармасының «№ 2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей - интернаты»;
39. Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей - интернаты»;
40. Қарағанды облысы білім басқармасының «Мамандандырылған музыка мектеп-интернаты»;
41. Қарағанды облысы білім басқармасының «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты»;
42. Қарағанды облысы білім басқармасының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты»;
43. Қарағанды облысы білім басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты»;
44. Қарағанды облысы білім басқармасының «Н.Нұрмақов мамандандырылған мектеп-интернаты»;
45. Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі»;
46. Қарағанды облысы білім басқармасының «Жезқазған қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы»;
47. Қарағанды облысы білім басқармасының «Құлыншақ» балалар үйі»;
48. Қарағанды облысы білім басқармасының «Пионер балалар үйі»;
49. Қарағанды облысы білім басқармасының «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйі»;
50. Қарағанды облысы білім басқармасының «Теміртау қаласының балалар үйі»;
51. Қарағанды облысы білім басқармасының «Таңшолпан» балалар үйі»;
52. Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Литвинск жетім балалар мен ата-ананың қамқорсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты»;
53. Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының балалар үйі»;
54. Қарағанды облысының білім басқармасының «Маруа Кұлұшева атындағы балалар үйі»;
55. Қарағанды облысы білім басқармасының «Асем» балалар үйі»;
56. Қарағанды облысының білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы»;
57. Қарағанды облысы білім басқармасының «Жезқазған қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы»;
58. Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы»;
59. Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуында кемістіктері бар балаларға арналған «Үміт» облыстық оңалту орталығы»;
60. Қарағанды облысы білім басқармасының «Девианттық мінез-құлықты балалар үшін арнаулы мектеп-интернаты»;
61. Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды облыстық №2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы»;
62. Қарағанды облысы білім басқармасының «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»;
63. Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті»;
64. Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды облысытық №4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы»;
65. Қарағанды облысы білім басқармасының «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты»;
66. Қарағанды облысы білім басқармасының «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернат»;
67. Қарағанды облысы білім басқармасының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернат»;
68. Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы».

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы