home home

Анонсы


3-4 маусымда Жезқазған қаласында Қарағанды, Атырау, Талдықорған қалаларындағы НЗМ-нің, Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал, Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының білім беру ұйымдарының оқушылары мен мұғалімдері қатысатын, «Ұлы дала мұрагерлері» республикалық форумы өтеді.
Форум аясында Қарағанды облысының әкімі Е.Ж.Қошанов дарынды балалармен - республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурс жеңімпаздарымен кездесуі ұйымдастырылатын болады. Аймақ басшысының педагогикалық еңбек ардагерлерімен жеке кездесуі өтеді.
Екі күндік форум бағдарламасында «Шеберлер қаласы» қайырымдылық жәрмеңкесін, ғылыми жобалар мен роботты техника көрмесін, оқушылардың әлеуметтік жобаларын көрсету, «Алға Қазақстан!» спорттық флешмобын, эко-велосипедпен жарыс және ата-аналар қауымдастығы мен педагогикалық еңбек ерлері үшін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шеберлік-сыныптарын өткізу қарастырылған.
Барлығы екі күндік марафонға 3 мың оқушы, 1 мыңға жуық педагог, 4 мыңнан астам жерлікті тұрғындар қатысады.
Форум қазақ халқының мәдени мұраларын зерттеу, сақтау және дамыту, қазақстандық патриотизмді, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының аясында «Назарбаев зияткерлік мектебі» АББҰ-мен ынтымақтастық шеңберінде өткізілетін болады.


Артқа оралу

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы