home home

Анонсы


«Менің отаным - Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық форумы.

Облыста 2013 жылдан бастап «Жаңалықтар әлемі. Жас саяхатшы. Жас ізденуші» облыстық жобасы жүзеге асырылуда. 2018 жылдың қаңтарынан бастап осы жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыт жобаларының облыстық реестріне кіреді.

«Жаңалықтар әлемі – 2018. Жас саяхатшы. Жас ізденуші» – Қарағанды облысында балалар-жеткіншектер туризмінің дамуына, отансүйгіштік пен азаматтыққа тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, мазмұнды демалыс ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтік білім беру жобасы.

Білім басқармасы, «Нұр Отан партиясының облыстық филиалы», білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Сарыарқа Дарыны» АҒПО, облыстық туристік клуб экспедициялық жасақтардың туристік-өлкетану қызметін белсендендіру, белсенді туризммен айналысу үшін тәжірибелік біліммен дағдыландыру мақсатында 2018 жылдың 05-07 маусымы аралығында «Менің отаным - Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының Облыстық форумын өткізеді.

Бекітілген ережеге сәйкес, іс-шараға 19 команда қатысады: облыстың қалалық және ауылдық аймақтары, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының командалары. Команда құрамына 7-8 сынып оқушылары кіреді.

Өткізілу орны: Ақтоғай ауданының қала сыртындағы «Факел» маусымды сауықтыру лагері, Бектауата шатқалының Ортадересін ауыл аймағы.

Қамтылуы: 200 адам, оның ішінде 152 қатысушы.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8(7212) 50-61-16, 8702105629


Артқа оралу

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы