home home

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының бастау алуын өткізу

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20-жылдық мерейтойын атап өтуде. Ассамблея Жылының негізгі мақсаты халықтың біртұтастығын нығайту, қоғамды әлем саясаты мен Мемлекет Басшысы келісімінің айналасында шоғырлау, «Қазақстан - 2050» Стратегиясына қол жеткізу болып табылады.
2015 жылғы 6 ақпан күні облыстық білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылына арналған салтанатты жиындар өткізілді. Оқушыларға еліміздің қоғамдық-саяси аренасында жаңа институттың – Қазақстан халқы Ассамблеясының пайда болу тарихы мен 2015 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толатыны туралы айтылды.
Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты Балалар шығармашылығының фестивалін өткізді. Аталған іс-шара музыкалық көріністерімен, ойындарымен, Қазақстанда тұратын этнос дәстүрлерімен концерттік бағдарлама форматында өтті. Бағдарламада патриоттық маңызы бар роликтер қолданылды, мерекелік және дәстүрлі киімдердің, ұлттық тағамдардың көрсетілімі болды.
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының оқушылары үшін әңгімелесулер, демонстрациялар және лекториялар жүргізілді. Әрбір сыныптық және тәрбиелік сағатта мемлекеттің негізгі идеясы – халықтың біртұтастығын нығайту, сонымен қатар жалпы адами құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған бағытты айкындады.
Қарағанды қаласының даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» тақырыбында тәрбиелік сағаттар өткізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының бастау алуына орай оқушыларды «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар-жеткіншектер ұйымына» қабылдау рәсімі өтті. Сондай-ақ, Көңілді старттар ұйымдастырылды.
Балқаш қаласының даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №4 облыстық арнайы мектеп-интернатында «Әлемде әрқашан бейбітшілік болсын!» - «Пусть всегда будет мир!» мерекесі өтті. Балалар мерекеде әндер орындап, бейбітшілік туралы өлеңдер оқыды, ұлттық би билеп, ойын ойнады, сайыстарға қатысып, отбасында, ұжымда және мемлекет ішінде татулық пен бейбітшілікті қалай сақтау керектігі жайында сұрақтарға жауап берілді.
Саран қаласының даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №5 облыстық арнайы мектеп-интернатында шеру болып өтті, шеру барысында «Қайырымдылық, бейбітшілік пен достық туралы» шығармашылық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды.
Шахтинск қаласының даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №1 облыстық арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбында суреттер көрмесін өтті.
Теміртау қаласының даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №2 облыстық арнайы мектеп-интернаты «Біз біртұтас болғанда....» тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде туған жер туралы әндер, өлеңдер оқылды, «Бір шаңырақ астында» атты балалар жұмысының көрмесі ұсынылды, онда тәрбиеленушілер Астана символы – Бәйтеректің бейнесін, туған өлкені, оның пейзажын, ұлттық орнаментін салды. Мерекелік іс-шаралардың қорытындысы 6-9 сынып оқушыларының арасында коньки тебуден «Біздің жеңісіміз – өзіңе Қазақстаным!» атты спорттық сайыстармен тәмамдалды.
Теміртау қаласының тілге ауыр зақым алған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының орта және жоғары сыныптарының 47 тәрбиеленушісі Теміртау қаласының Мұзды Сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының салтанатты ашылуына қатысты, онда хоккейшілер мен мәкерлеп тебушілердің көрінісі көз тартты. Іс-шара флешмобпен аяқталды.
«Әсем» отбасы үлгісіндегі облыстық балалар үйінде музыка жетекшілерімен және педагогтарымен әзірленген әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Бағдарламада қаламыздың халықтар достығы жайында «Қарағандылықтар» атты авторлық өлең оқылды. Аталған іс-шараға ұлттық ойындар, дүниежүзілік халықтарының әндері, би мен өлеңдер енгізілді. Ұлттық нақыштағы киімдердің әдемілігі мен сәнділігі мерекеге салтанаттылық пен керемет көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, тәрбиеленушілер үшін қазақстандық авторлардың шығармашылығымен кітаптар ұсынылды.
М. Құлышева атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінде «Елбасы: 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» тақырыбында тәрбиелік сағаттар өткізілді. Балалардың «Барлық ұлттың баласы, достығымыз жарасқан» суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйі тәрбиеленушілер арасында «Тату отбасы» халықтар викторинасын өткізді.
«Таңшолпан» отбасы үлгісіндегі облыстық балалар үйінің «Умелые ручки» үйірмесі балалардың «Ортақ шаңырақ аясында» атты жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Біз Жеңіс ұрпағымыз!» атты республикалық әскери-патриоттық эстафетаға арналған №52859 әскери бөлімшесімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен бірлескен салтанатты шара өткізді. Одан кейін, Салауатты өмір салты аясында балалар үйінің дәрігері – Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесінің өкілінің басшылығымен «Физикалық белсенділік, салауатты әдеттер ерте жастан – психомоторлық сырқаттардың алдын алу ретінде, балалардың сенімді, бақытты және салауатты болашағы мен өмірі» шарасы өткізілді.
Отбасы үлгісіндегі Балқаш қалалық балалар үйінде «Достық шоғы» атты мәдени-жаппай іс-шара өткізілді. Концерттік бағдарлама шеңберінде Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық киімдерін киген тәрбиеленушілер әндер айтып, өлеңдер оқыды, түрлі ұлттық әдет-ғұрып жайында әңгіме қозғады. Еліміз бейнеленген плакаттағы күн нұрында балалар өздерінің тілектерін білдірді, олардың басты тілегі – еліміздегі бейбітшілік, татулық пен келісім, отбасын, жолдастар иемдену. Тәрбиеленушілер тәрбиешілер мен аспаздың көмегімен орыс, қазақ, тәжік тағамдарын әзірледі. Іс-шара мерекелік аспен аяқталды.
«Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында 5-сыныптар арасында «Дүние жүзі халықтарының ойындары» спорттық сайыстары өтті. Орта сынып оқушылары үшін «Біртұтас тату Қазақстан!» тақырыбынде көрме ұйымдастырылды.
Ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде «Бір шаңырақ астында» тақырыбынде шығармашылық шара өткізілді. Лицей оқушыларымен Қазақстанның түрлі халықтарының әндері мен ұлттық билері орындалды.
Қарағанды қаласының қыз балаларға арналған және Жезқазған қаласының қазақ-түрік лицейінде «Қазақстан – достықтың киелі мекені» сынып сағаттары, ал оқушылармен «Біздің күшіміз – бірлікте» сұхбаты өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Мұрагер» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты оқушылар үшін «Біздің күшіміз бірлікте» мерекелік бағдарламасын ұйымдастырды, онда «Мұрагер» домбыра ансамблі өнер көрсетті. Балалар үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» деректі фильмі, кейін «Халық Ассамблеясы – достық тірегі» көрмесі ұсынылды. Салтанатты ашылу рәсімінің соңында «Біздің күшіміз бірлікте» кураторлық сағаттары жүргізілді.
Қарағанды гуманитарлық колледжінің фойесінде қыз балалардың үрмелі оркестрі және ұлттық аспап оркестрінің қойылымы ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шаралар балалар мен жасөсіпірімдердің бойында отансүйіштік, этносаралық төзімділік сезімін, ұлтаралық келісім мен достықты қолдауға деген талпынысты тәрбиелеуге септігін тигізді.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы