home home

«Бірлігіміз жарасқан – таусылмайтын жыр дастан»

«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана халқымыз. Халықтың осы даналығын ұстанған Елбасымыз тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік ел» идеясын ұсынған деп ойлаймыз. Өйткені, мәңгілік ел болу үшін ол елде өсетін, өркендейтін өз тілі мен діні, мәдениеті мен тарихы болуымен бірге бірлік, ынтымақ, тұрақтылық салтанат құруға тиіс. Сондықтан, Елбасы өзінің әр жылғы Жолдауларында татулық пен бірлікті, ұлттар ынтымағын басты назарда ұстайды. «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы», - деп ерекше атауының өзіндік маңызы зор. Яғни, бүгінгі бағындырған белестердің бірі –жарасымды бірлік, татулық пен тұрақтылық.
Елбасы мен халқымыздың осындай тілек-мұраттарын жас ұрпақ санасына сіңдіру, әрі қарай жалғастыру, олардың да келешекте ұлы достық пен бауырмалдықтың бастамашылары болуына бағыттау мақсаттарында №1 Қарағанды қазақ-түрік лицейінің ұстаздар ұжымы «Бірлігіміз жарасқан» атты байқау өткізді. Байқауды ұйымдастыруда бастамашы болған тарих пәні мұғалімдерін басқа барлық ұстаздар қолдай жөнелді. Жеребе бойынша қазақ, өзбек, грузин, орыс, қытай, түрік ұлттары таңдалып, ұстаздар сол бойынша топтарға бөлінді.
Байқаудың шарттары орай топтар сол ұлттардың тарихынан бейнеролик түсіру, әні мен биін орындау, ұлттық тағамдары мен киім үлгісін көрсету, салт-дәстүрінен қойылымдар қою және викториналық сұрақтарға жауап беру керек болды. Мектеп басшысынан бастап пән мұғалімдері, ҚарМУ-дың іс-тәжірибеден өтіп жүрген студенттері белсенділік танытып қатысқан байқаудың көрермендері мектеп оқушылары, қызметкерлер мен ата-аналар, түлектер еді.
Әділ қазыларсыз байқау болмайтыны сияқты, ұстаздар өнерін бағалайтын қазылар осы шарттарды орындауына қарай орындар тағайындады. Орыс ұлтының ұлттық құндылықтарын өте жоғары деңгейде ашып көрсете білген орыс тілі мұғалімдері бастаған топ 1-орынға лайық болды. Өзбектің әдемі билерімен көрерменді тамсандырған өзбек халқы, тәттілерімен баурап алған түрік халқы 2-орынға табан тіресе, 3-орынға өз ұлттарының қыр-сырын көрсетуде тапқырлық танытқан қазақ, грузин және қытай халықтары командалары ие болды. Барлық жеңімпаз топтар сыйлықтармен және Мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Осы байқауды ұйымдастырған және оған өте қызығушылықпен қатысқан ұстаздарымыздың өнеріне тәнті болдық. Бұл –нағыз үлгі, өнеге. Біздің алдымызда барын салып актер де, әнші де, биші де, ұстаз да бола білетін жан-жақты, сегіз қырлы, бір сырлы ұстаздардан тәлім-тәрбие алғанымызға өте қуанамын»,- деп ағынан жарылды Қытайда білім алып жатқан лицей түлегі Сәруар Галсанов.
Көрерменнің көңілінен шыққан, ең бастысы еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдерінің Қазақстанда тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүргендерін, олардың да мәдениеті мен тарихы осы елде дамып жатқанын оқушыларға жеткізген, осындай жарастықты жалғастыратын байқау болғанына қуаныштымыз.
Ақсәуле Мамбетқызы
№1 Қарағанды қазақ-түрік лицейінің қосымша білім беру педагогы

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы