home home

Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының, 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес және Қарағанды облысы білім басқармасының 03.06.2016 жылғы бұйрығының негізінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

     

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары нормаларының сақталуына ішкі бақылау бойынша жұмыс жүргізілді. «Жезқазған тау-кен металлургиялық колледжі» КММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау барысында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметте есептік мәліметтер тіркеу журналымен сәйкес келмейді, журналда 2015 жылға құжаттарды қабылдау күні жазылмағаны анықталды.

     

 Қарағанды облысы білім басқармасының «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау барысында «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметте қайшылықтар анықталды, 2015 жылғы ақпан айының есептеріндегі мәліметтер тіркеу журналымен сәйкес келмейді.

  

«Жезқазған қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы», «Маруа Құлышева атындағы балалар үйі»,  Жезқазған қаласының «№3 қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ-де және «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК-де журналдар номенклатураға сай жасалған. Еңбек шарттары ҚР Еңбек кодексінің 28 бабындағы талаптарға сәйкес құрылған.  Дегенмен, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңының 28 бабы, 2-тармағының, 1-тармақшасы және ҚР Еңбек кодексінің 23 бабы, 1-тармағының 11-тармақшасы бұзылған – халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарының бары туралы мәлімет, пайда болғаннан кейінгі 3 жұмыс күні ішінде жолданбайтыны анықталған.

   

Қарағанды облысы білім басқармасының «Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК ішкі бақылау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бұзушылықтар анықталмады.

        

«Сәтпаев индустриалдық колледжі» КММ-де 29.01.2016 жылғы №10 бұйрықпен тәртіптік жауапкершілікке тартылған  қызметшіден жазбаша түсініктеме талап етілмеген, бұл ҚР Еңбек кодексінің 65 бабы 2-тармағының бұзылуы болып табылады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, заңнаманы дұрыс қолдану және анықталған кемшіліктерді жою мақсатында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларының 12-тармағын басшылыққа ала отырып анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іске асыру мерзімдерін қамтитын ұсынымдар берілді.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы