home home

GIZ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамы арасындағы келісім негізінде, Қазақстан экономикасының қажеттілігін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасында  дуальды оқытудың принциптерін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасында дуальды оқытуды енгізу негізі Назарбаев–Меркель үкіметаралық бастамасы болып саналады.
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап GIZ–бен өзара іс-қимыл аясында қазақстандық білімге бейімделген неміс кәсіби стандарттарының негізінде жаңа неміс біліктіліктер бойынша бағдарламаларды апробациялау және сол бойынша облыстың 2 колледжі студенттерін оқыту басталды: Теміртау политехникалық колледжінде «өнеркәсіптік электроншысы» біліктілігі бойынша дайындық басталды, олардың әлеуметтік серіктестіктері Темиртау қаласының «Инкар–1» АҚ, «Теміртау электрометаллургия комбинаты» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС, «Ast Etalon Group» ЖШС өндіріс компаниялары және Қарағанды машинажасау колледжінде – «өнеркәсіптік механигі» біліктілігі бойынша даярлық жүргізілуде, негізгі әлеуметтік серіктестігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Қарағанды құю-механикалық зауыты», «Қазақстан Тау Машиналары» ЖШС, «Жөндеу-механикалық машина жасау зауыты» ЖШС, «Қарағандыэнергожөндеу» АҚ болып табылады.
2015 жылы Темиртау политехникалық колледжі мен неміс Evonik Industries AG кәсіпорын арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы