home home

Елбасының жыл сайынғы Жолдауын жүзеге асыру бойынша жоспарлардың орындалуы бойынша ақпарат

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 11.11.2014 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бойынша ақпарат

20-тармақ. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 70 млрд. теңге көздей отырып, 2017 жылдың соңына дейін апатты мектептерді және үш ауысымдық оқытуды толық жоюды қамтамасыз ету.
Апатты мектептердің санын қысқарту бойынша облыста мақсатты бағытталған жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда облыс бойынша Ұлытау ауданындағы Бетбұлақ ауылында және Абай ауданындағы Құрма ауылында 2 апатты мектеп бар, бұл 0,3% құрайды (Республикалық көрсеткіш бойынша 1%). 2014 жылы апатты мектептер орнына Ұлытау ауданы, Бетбұлақ ауылында 80 орынға арналған (ЖБ) және Абай ауданы, Құрма ауылында 320 орынға арналған (РБ) мектептердің құрылысы басталды. Аталған мектептердің пайдаланылуы 2016 жылға жоспарланып отыр.
Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейі мен Сәтбаев қаласының №16 мектебі сабақты екі ауысымда өткізуде. 2015 жылы Қарағанды облысы бойынша «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы шегінде үш ауысымдық оқытуды жою үшін Қарағанды және Сәтбаев қалаларында жалпы сомасы 900 млн теңгені құрайтын 2 білім беру нысанының құрылысы басталды: Қарағанды қаласында 1200 орынға арналған жалпы білім беру мектебі – 700 млн теңге, Сәтбаев қаласы – 600 орынға арналған, 200 млн теңге.
21-тармақ. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 20 млрд. теңге көздей отырып, сондай-ақ жекеше секторды тарту жолымен мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын түбегейлі қысқартуды қамтамасыз ету.
Биылғы жылы Ұлттық қордан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Президент Жолдауы шегінде Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласы, Кеңдала шағын ауданындағы балабақшаның құрылысы басталды. Қарағанды қаласы, 21 және 12 шағын аудандарындағы балабақшалардың құрылысына ҚР БҒМ бюджеттік тапсырыс берілді. Құрылыстың басталуы 2016 жылға жоспарланып отыр. 
2015 жылы жеке құрылымдардың басшыларымен өткізілген кездесу, жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын іске қосу мен ұстау бойынша потенциалды инвесторларға бизнес-жоспарларды презентациялау нәтижесінде Қарағанды қаласында 340 орынды 4 жеке балабақшалар ашылды.
Сонымен қатар, 2015 жылдың соңына дейін 170 орынға арналған 2 жеке шағын орталықтар ашу жоспарлануда.
22-тармақ.  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 10 млрд. теңгеге дейін көздей отырып, Мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде ғылымның экономика салаларымен байланысы мен кадрлар дайындығын іске асыратын 10 жоғары оқу орнының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамытуды 2017 жылдың соңына дейін қамтамасыз ету.
2015 жылы 3 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға Дүниежүзілік банктен 112 237,6 мың теңге бөлінді.
2015 жылы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқу-өндірістік шеберханалары мен лабораторияларын жабдықтау үшін жергілікті бюджеттен 48 468,7 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен лабораторияларының жалпы саны 329 бірлікті құрайды. Қазіргі таңда, жаңа жабдықтармен 120-сы жабдықталды, бұл 36,4% құрайды.
2015 жылдың маусым айында колледждерді профильдеу, сұранысты талап етпейтін колледждерді қысқарту және жаңа мамандықтар ашу, сонымен қатар аймақ экономикасының мамандарға қажеттілігін есепке ала отырып, 2015-2016 оқу жылына арналған техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарын дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын бекіту бойынша сұрақтар қарастырылды.
Сонымен қатар, 2015 жылдың қараша айында колледждерді профильдеу, сұранысты талап етпейтін колледждерді қысқарту және жаңа мамандықтар ашу, кәсіби сынауды жүйелі өткізу арқылы «Кәсіби бейімдеу жұмыстарын енгізу бойынша Жол картасын» жүзеге асыру және инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша сұрақтар қарастырылды.
 


 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы