home home

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру(13.07.2015)

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-О-3 санаты:  Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
D-О-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  • «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтардағы №10080 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:


         Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                 бастап

                   дейін

         D-O-3

                 84 563

114 032

         D-O-4

                 64 063

86 485

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: otdel.kadr@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
           1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ бухгалтерлік есеп, материалды-техникалық жабдықтау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің  басшысы – бас бухгалтері (1 бірлік, D-O-3 санаты, № 8-1).
Функционалдық міндеттері: Жалпы басшылықты жүзеге асыру, білім басқармасының есептілігі мен бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша бөлім жұмысын жоспарлау, талдау және үйлестіру. ҚР заңдарының және жетекшілік ететін сұрақтар бойынша басқа нормативтік-құқықтық актілердің орындалысына бақылау жасау. Құрылыс, күрделі жөндеу және энергияны үнемдеу жөнінде бағдарламалардың әзірленуі мен жүзеге асуына басшылық жасайды және бақылау жүргізеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының, инвестициялық бағдарламалар мен жобалардың жағдайы мен әзірленуіне талдау жасауға қатысады. Барлық жөндеу жұмыстары мен олардың облыстық білім беру мекемелерінің бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкестігіне мониторингтің жасалуын бақылау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
        Білімі: экономикалық; Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, экономика және қаржыландыру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
           2. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ жоспарлау-экономикалық жұмыс бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, №7-1-1, 2016 жылғы 11  желтоқсанына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).
           Функционалдық міндеттері: Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, білім беру ұйымдарының стратегиялық жоспарын, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік және облыстық даму бағдарламалары, жоспарлау-экономикалық бөліміне қатысты ББ стратегиялық жоспары бойынша есеп дайындау. Білім беру ұйымдарының қызметшілерінің еңбек төлемінің қорын жоспарлау және талдау. Облыстық білім басқармасының Стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінің материалдарын бекітуге және нақтылауға даярлау. Еңбекақы қоры бойынша жинақтық есеп-қисаптар. Кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік тапсырыс, бір жылға қаржыландыру жоспарын, жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша быр жылға бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарын өзгертуге тапсырыстар мен анықтамаларын құру. Бюджеттік тапсырыстарды, штаттық кестелерді, тарификацияларды тексеру. Әкімшілік мәліметтерді жинақтау және тарату.
           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
  Білімі: экономикалық; Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, экономика және қаржыландыру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
3.«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ ұйымдастыру жұмысы, мониторинг және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 9-1-3).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, білім басқармасының Операциялық жоспарын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты іске асырады. Баяндама жасау үшін, білім басқармасы басшысына материал, білім басқармасы басшылығына арналған отырыстар мен жиналыстарда сөз сөйлеуге анықтамалар мен ақпараттар әзірлейді. Білім басқармасы бойынша білім беру саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі жұмысты, жинақтауды және мониторингті, білім басқармасына электрондық құжат айналымы арқылы түскен өтініштер бойынша жұмыс мониторингісін іске асырады. Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша стандарттармен және регламенттермен жұмыс. Басқарманың Web- сайтын ақпараттық сүйемелдеу және жаңарту.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі: педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
4.  «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 4-1-4).
Функционалдық міндеттері: 12-жылдық білімге көшу сұрақтарына жетекшілік етеді. Оқушыларды бейіндік оқыту жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Облыстың жалпы білім беру мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандыру және компьютеризациялау мониторингін жүзеге асырады. Ғаламтор жүйесіне қосылуды және қолжетімділікті, қашықтықтан оқытуды бақылауға алады. «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үйлестіреді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқыту және білім сапасының жағдайына мониторинг жасайды: математика, физика, информатика, экономика. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жетекшілік ететін сұрақтары бойынша статистикалық есептердің жинақталуын және тапсырылуын іске асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі: педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
           5. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (1 бірлік, D-O-4, № 11-1)
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім қызметін жоспарлау, талдау. Бөлімнің қызметті құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Сот органдарында басқарманың мүддесін ұсынады және қорғайды. Құқықтық сұрақтарды қарау кезінде облыстық құқық қорғау құрылымдарымен, прокуратурамен, қаржы полициясымен, әділет департаментімен, сонымен қатар басқа ұйымдармен өзара қызметтесуді қамтамасыз етеді. Өнім берушілермен даулы жұмыстарды жүргізеді. Білім басқармасының құжаттарын заңды сүйемелдеу. Білім беру ұйымдарындағы антитеррористік комиссияның желісі бойынша терроризм мен экстремизмнің алдын алу және ескерту жөніндегі жұмысын жүзеге асырады. Жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаның орындалуын үйлестіреді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі: заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,  және құқықтану саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
           6. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ бухгалтерлік есеп, материалды-техникалық жабдықтау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, №8-1-2).
Функционалдық міндеттері: Барлық типті білім беру ұйымдарының материалды-техникалық базасына, аумақтың абаттанадырылуына, сенбіліктердің өтуіне мониторинг пен талдау жүргізу. Электроэнергиясы мен жылуды үнемдеу бойынша мониторинг жүргізу.  Энергияны үнемдеу мен «Жасыл экономика» бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. Энергияны үнемдеу мен «Жасыл экономика» бойынша жоспарларын іске асырады және мониторинг. Барлық жөндеу жұмыстарының мониторингісі бойынша жұмысты ұйымдастыру және олардың облыстық білім беру мекемелерінің бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаларына сәйкестігі. Барлық типті білім беру ұйымдарымен жылу жүйесінің дайындығы мен жылуды қабылдау бойынша жұмыс. Білім беру мекемелеріндегі техникалық қауіпсіздік пен өрт дабылын, еңбек  қорғанысын бақылау.
          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
          Білімі – техникалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Бюджеттік жүйе туралы», «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын және білім мен мемлекеттік сатып алулар саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және басқа заңнамаларын білуі.
Конкурсқа  қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы
23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда
№ 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру  соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе пошта арқылы жолдаған, қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, құжат тігілетін папкада орналастырылған құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-де әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде өтеді. Аталған лауазымға орналасатын үміткер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының айқындығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға болады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы