home home

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» MM-нің хабарландыруы Конкурсқа қатысушылардың барлы

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-4: Жоғары білім.       Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ік. 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

Д-О-4

82282

112430

 

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: m.esezholova@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

           1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ жоспарлау-экономикалық жұмыс бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, №6-1-5)

      Функционалдық міндеттері: Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамын, стратегиялық жоспарларын, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Кезекті жоспарлы жылға жинақтау бюджеттік тапсырысын, техникалық және кәсіптік білім мамандарын даярлауға мемлекеттік тапсырыс бөлігінде бір жылға бағдарламалар әкімшісін жинақтық қаржыландыру жоспарларын әзірлеу. Техникалық және кәсіптік білім мамандарын даярлауға мемлекеттік тапсырыс құнының жинақтық есебін және колледждер мен мамандықтар кесіндісінде есептерді әзірлеу. Кезекті жоспарлы кезеңге бекіту үшін даму жоспарларын, штаттық кестелерді, мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып табылатын колледждердің тарификацияларын тексеру және дайындау. Білім алушылар контингентінің өзгеруі, мемлекеттік тапсырыс, стипендиаттардың саны, оқу құны бойынша талдау. Колледждердің жекеменшік топтарында оқу төлемін тексеру және мониторинг. Жетекшілік ететін ұйымдардың контингенті, штаттары, желісі жайында мәліметтерді жинақтау және жетілдіру. Жетекшілік ететін ұйымдар бойынша бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің орындалысы жайында мәліметтер әзірлеу. Шәкіртақыға, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығысыз қалған балаларды ұстауға арналған шығындарды қосқанда жекеменшік және техникалық және кәсіптік білім беретін қазыналық мемлекеттік кәсіпорындар бойынша шығындардың жоспарлануына бақылау. Қазыналық кәсіпорындар бойынша әкімшілік мәліметтердің қаржылық нысандарын жинақтау және жетілдіру. Бюджет қаржысы есебінен шәкіртақы төлемі бойынша жыл сайынғы есепті дайындау. «Қаржы үйі» ААЖ және «Клиент-қазынашылық» бағдарламаларында жұмыс.

      Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:

      Білімі – «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының Заңдарын, ҚР Бюджеттік кодексін  және білім саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 7-1-1, 2019 жылғы 29 ақпанға дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).

Функционалдық міндеттері: Облыстың әлеуметтік-экономикалық болжамдарының, инвестициялық бағдарламалар мен жобаларының жағдайы мен әзірленуін талдауға қатысады. Құжаттама әзірлеу және «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сай мемлекеттік сатып алу бойынша электрондық конкурстарды веб-порталда жүргізу. Білім басқармасының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың бекітілген, нақтыланған жоспарын әзірлеп, орналастырады. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша электрондық конкурстардың өткізілуіне қатысады. Веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасайды. Облыстық білім беру ұйымдары бойынша жинақтық тоқсандық және жылдық қаржылық есептерді мемлекеттік активтер басқармасы мен өзге жоғары тұрған органдар үшін жинақтайды, талдайды және жасайды.  Ведомстволық бағынысты ұйымдардан Д-4 нысаны бойынша есеп қабылдайды. Қаржылық бақылау комитетіне және сұрауға сай өзге ұйымдарға есеп пен ақпаратты жинақтау, талдау және жасау. Қаржыландыру жоспарының орындалуына жинақтық талдауын жүргізеді. Ай сайынғы, жылдық мәліметтерді, анықтамаларды талдайды, жасайды, өзінің құзыретіне сай өтініштер қарайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:

Білімі: «білім» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); «Білім туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, ҚР Бюджеттік кодексін және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050»

3. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ материалдық-техникалық дамыту бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 11-1-1).

Функционалдық міндеттері: Құжаттардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырады және жерге, ғимараттарды, автокөліктерді жоюға арналған тапсыру актілерін рәсімдейді. Барлық типті білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жағдайына, аумақтың абаттандырылуына, сенбіліктердің өткізілуіне мониторинг және талдау жүргізу.  Электрэнергиясын және жылуды үнемдеу бойынша мониторинг жүргізу. Энергияны үнемдеу бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады. Барлық типті білім беру ұйымдарымен жылыту жүйесіне дайындық, жылуды қабылдау бойынша жұмыс жасау. Білім беру мекемелерінде еңбек қорғанысы, қауіпсіздік техникасы және өрт дабылы бойынша бақылау. Есептегіш құралдарын, ДЖЖ орнату мониторингі. Ақпараттандыру және ақпараттық технологиялар бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Білім беру облысындағы жаңа техникалық бағдарламалардың енгізілуін және әзірленуін ұйымдастырады. Өткізілетін ұйымдастырушы-техникалық іс-шаралардың үйлестірілуін қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесінде озық оқыту технологиялары бойынша заманауи ақпараттық бағдарламаларды енгізуге және таратуға ықпал етеді. Ақапараттық қызмет көрсету және техникалық құжаттаманы рәсімдеу бойынша келісім-шарт жасауға қатысады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:

Білімі: «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе  «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); «Білім туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ балалар құқығын қорғау, қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 9-1-3).

Функционалдық міндеттері: аудан және қала білім бөлімдерінің кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мәселесі жөніндегі қызметін үйлестіреді. Өзге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Түнгі қала балалары» жедел-профилактикалық іс-шараның ұйымдастырылуын және өткізілуін үйлестіреді. Бала еңбегін пайдалану және оның алдын алу мәселесіне жетекшілік етеді. Құқықбұзушылық пен қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға мониторинг жүргізеді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін, атап айтқанда кәмелетке толмағандардың болу мерзімін және қайталап түскендерді бақылауда ұстайды. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттағы оқу-тәрбие жұмысын үйлестіреді. Девиантты мінез-құлықты балалардың мектеп-интернаттан шыққаннан кейін орналасуы бойынша талдау және мониторинг жүргізеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялармен, ювеналды полициямен және ювеналды сотпен, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдарымен, ҮЕҰ және облыстың білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:

Білімі: «білім» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір құн бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде   «Қарағанды облысының білім  басқармасы» ММ  өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы