home home

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілерінің арасында Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама(17.08.2016)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

     D-О-3    санаты үшін:              Жоғары     білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.     
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

D-О-3

109932

148242

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: m.esezholova@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы (1 бірлік, D-O-3 санаты, № 2-1)
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім қызметін жоспарлайды, талдайды.Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің облыстың білім ұйымдарын педагог кадрлармен қамтамасыз ету қызметін үйлестіреді, педагогикалық және басшы кадрларды, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру, марапаттауға ұсыну мониторингісін және талдауын жүргізеді. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» және Еңбек кодексінің орындалуын үйлестіреді. Жұмыспен қамту, басшылар және педагог қызметкерлер қызметі  мәселелері бойынша шағымдар және өтініштермен жұмыс жасайды. Жас мамандар  жұмысын үйлестіреді. Педагогикалық мамандарды дайындайтын ЖОО мен колледждермен байланыс жасайды. Білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп Мемлекеттік жалпы білім стандарттарына сәйкес білім беру саласында кадрлық саясатты әзірлеу жөнінде жұмыс жүргізеді. Білім ұйымдары басшылары орынбасарларын басқарма басшысымен келісуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органның кадрлар сұранысын оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша талдау мен жоспарлау. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілік талаптары жинағын әзірлеу және лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуді үйлестіру. Басқарманың әкімшілік мемлекеттік, азаматтық қызметшілерінің және облыстық педагогикалық кадрларының аттестациядан өтуін ұйымдастыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі:«құқық»мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және жұмыспен қамту саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы (1 бірлік, D-O-3 санаты, № 6-1)
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім қызметін жоспарлау, талдау. Кезекті жоспарлы жылға жинақтау бюджеттік тапсырысын, бағдарламалар әкімшісін жинақтық қаржыландыру жоспарларын, өзгеру тапсырыстарын  әзірлеу. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамаларына шығындарды жоспарлау.  Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттерді бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.  Басқарманың бюджеттік бағдарламалары мен олардың есебін әзірлеуді қамтамасыз ету. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамын, стратегиялық жоспарларын, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Бюджет жобасын әзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау. Қаржыландыру жылының қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің  контингенті, штаты, желісі туралы жиынтық мәліметтерді, ҚР БҒМ әкімшілік мәліметтердің қаржылық формаларын жасауды бақылауды қамтамасыз ету.  Облыстың білім бюджетін өзгертуді талдау. Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен Қарағанды облысын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың қаржылық шығындарын талдау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі:«экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Бюджеттік кодексін, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, қаржыландыру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы