home home

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама(31,08,2016)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

     D-О-3    санатыүшін:               Жоғары     білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.     
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

D-О-3

109932

148242

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: m.esezholova@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:
«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы (1 бірлік, D-O-3 санаты, № 6-1)
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім қызметін жоспарлау, талдау. Кезекті жоспарлы жылға жинақтау бюджеттік тапсырысын, бағдарламалар әкімшісін жинақтық қаржыландыру жоспарларын, өзгеру тапсырыстарын  әзірлеу. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамаларына шығындарды жоспарлау.  Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттерді бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.  Басқарманың бюджеттік бағдарламалары мен олардың есебін әзірлеуді қамтамасыз ету. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамын, стратегиялық жоспарларын, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Бюджет жобасын әзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау. Қаржыландыру жылының қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің  контингенті, штаты, желісі туралы жиынтық мәліметтерді, ҚР БҒМ әкімшілік мәліметтердің қаржылық формаларын жасауды бақылауды қамтамасыз ету.  Облыстың білім бюджетін өзгертуді талдау. Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен Қарағанды облысын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың қаржылық шығындарын талдау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі:«экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Бюджеттік кодексін, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, қаржыландыру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы