home home

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарыының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-нің хабарламасы (10.10.2016)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-О-4: Жоғары білім.    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

Д-О-4

83282

112431

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: m.esezholova@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ материалдық-техникалық дамыту бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 11-1-1).
Функционалдық міндеттері: Құжаттардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырады және жерге, ғимараттарды, автокөліктерді жоюға арналған тапсыру актілерін рәсімдейді. Барлық типті білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жағдайына, аумақтың абаттандырылуына, сенбіліктердің өткізілуіне мониторинг және талдау жүргізу.  Электр энергиясын және жылуды үнемдеу бойынша мониторинг жүргізу. Энергияны үнемдеу бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады. Барлық типті білім беру ұйымдарымен жылыту жүйесіне дайындық, жылуды қабылдау бойынша жұмыс жасау. Білім беру мекемелерінде еңбек қорғанысы, қауіпсіздік техникасы және өрт дабылы бойынша бақылау. Есептегіш құралдарын, ДЖЖ орнату мониторингі. Ақпараттандыру және ақпараттық технологиялар бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Білім беру облысындағы жаңа техникалық бағдарламалардың енгізілуін және әзірленуін ұйымдастырады. Өткізілетін ұйымдастырушы-техникалық іс-шаралардың үйлестірілуін қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесінде озық оқыту технологиялары бойынша заманауи ақпараттық бағдарламаларды енгізуге және таратуға ықпал етеді. Ақапараттық қызмет көрсету және техникалық құжаттаманы рәсімдеу бойынша келісім-шарт жасауға қатысады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі: «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе  «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); «Білім туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 2-1-1).
Функционалдық міндеттері: педагогикалық кадрлар сапасының құрамы бойынша жинақтық есептерді құру және ҚР Білім және ғылым министрлігіне тапсыру. Педагог қызметкерлерді аттестаттау, педагог қызметкерлердің кешенді тестілеуін әзірлеу. Педагог қызметкерлердің мәліметтер қорын есепке алу және құру. Облыстың білім беру ұйымдары басшыларының аттестаттауын ұйымдастыру. Бөлімнің азаматтық қызметшілермен жұмысын ұйымдастыру. Азаматтық қызметшілердің жеке істері мен еңбек кітапшаларын жүргізу және есепке алу. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жұмысын ұйымдастыру. Азаматтық қызметшілердің бос  орнына орналасуға конкурс өткізу үшін құжаттар әзірлеу және рәсімді ұйымдастыру. Азаматтық қызметшілердің бос  орнына орналасуға конкурстық комиссиясының, сонымен қатар білім басқармасының номенклатуралық бірлігі болып табылатын азаматтық қызметшілерге қатысты тәртіптік комиссиясының хатшысы болып табылады.
Білім бөлімдерін және ұйымдарын кешенді тексеруге қатысады.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Аумақтарды дамыту бағдарламасы, бөлімнің индикаторлары бойынша білім беруді дамытудың стратегиялық жоспары бойынша қызметті жүзеге асырады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі: «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Білім туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi  туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын  үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы