home home

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама (10.10.2016)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3          санатына: Жоғары    білім. Мынадай  құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа      төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе  А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан  Республикасы  Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында  Шетелде  кадрлар  даярлау жөніндегі  республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда  № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

D-О-3

109932

148242

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды  облысы,  Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: m.esezholova@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы (1 бірлік, D-O-3 санаты, № 5-1, 2016 жылғы 14 желтоқсанға дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне)
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім қызметін жоспарлайды, талдайды. Қазақстан Республикасы Заңдарының және  білім беру саласында балалар құқықтарын қорғау облысында өзге нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасайды. Аудан және қала білім бөлімдерінің жалпы білім беру ұйымдарындағы және қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие беру жүйесін дамыту бойынша қызметін үйлестіреді. Арнайы, түзету білім беру жүйесін дамытуды жоспарлайды. Адамгершілік-рухани тәрбие берудің жаңатехнологиялары мен тәрбие үдерісінің өзге бағыттарын енгізу жөнінде жұмыс. Конкурстарды, байқауларды, фестивальдерді, спорттық сайыстарды, балалар қозғалысын өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру. Жоғары тұрған ұйымдарға облыстың тәрбие жүйесін дамытуды арттыру, бөлім қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу.
Конкурс қатысушыларына  қойылатын  талаптар:
Білімі: «білім» мамандықтары бойынша немесе  «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша;  Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және құқықтану саласындағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2. «Қарағанды  облысының  білім басқармасы» ММ материалдық-техникалық дамыту бөлімінің басшысы (1 бірлік, D-O-3 санаты, № 11-1)
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім қызметін жоспарлау, талдау. Қазақстан Республикасы Заңдарының және жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзге нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын үйлестіреді. Құжаттардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырады және жерге, ғимараттарды, автокөліктерді жоюға арналған тапсыру актілерін рәсімдейді. Басым бюджеттік инвестициялар бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлінуі туралы ұсыныстар әзірлеу. Бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеу және мониторинг. Материалдық-техникалық базаның, медициналық көрсетілуі жағдайын, кабинеттердегі медициналық лицензияның және бекітілген құжаттаманың болуы жағдайына талдау жасайды. Әдістемелік жетекшілік жасайды және жыл сайынғы есептік көрсеткіштерді бақылауда ұстайды, білім беру мекемелерінің оқу-материалдық базасының даму болжамын жасайды, ведомстволық бағынысты мекемелерге жабдықтау және күрделі жөндеу мәселелері жөнінде әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді, мекемені жаңа оқу жылына және қысқы жағдайда жұмыс істеуге даярлайды, күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы және сапалы жүргізілуіне, құрылыс және санитарлық нормалардың сақталуына бақылау жасайды.
Білім беру мекемелері ғимараттарының техникалық жағдайына талдау жасайды. Энергиямен жабдықтау, «Жасыл экономика» және өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар ұйымдастырады және талдайды. Іс-шаралар әзірлейді, жаңа оқу жылына, жылыту маусымына, жылуды қабылдауға (100 пайыздық дайындық актісі, жаңа оқу жылына дайындық актісі) білім беру ұйымдарының дайындығын бақылайды, қалған жанармайға, мектептердегі температуралық режимге, жиhаздың сақталуына талдау жасайды. Ай сайынғы, жылдық мәліметтердің, құрылыс, күрделі және ағымдық жөндеу жоспарларының орындалысы туралы анықтамалардың жасалуын талдайды және бақылайды.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі: «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе  «құқық» мамандықтары  бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Білім  туралы», «Әкімшілік  рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, құқықтану саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы