home home

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру(19.10.2015)

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-О-3 санаты:  Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
D-О-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  • «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтардағы №10080 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:


         Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                 бастап

                   дейін

         D-O-3

                 84 563

114 032

         D-O-4

                 64 063

86 485

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: otdel.kadr@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (1 бірлік, D-O-3, № 11-1)
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім қызметін жоспарлау, талдау. Бөлімнің қызметті құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Сот органдарында басқарманың мүддесін ұсынады және қорғайды. Құқықтық сұрақтарды қарау кезінде облыстық құқық қорғау құрылымдарымен, прокуратурамен, қаржы полициясымен, әділет департаментімен, сонымен қатар басқа ұйымдармен өзара қызметтесуді қамтамасыз етеді. Өнім берушілермен даулы жұмыстарды жүргізеді. Білім басқармасының құжаттарын заңды сүйемелдеу. Білім беру ұйымдарындағы антитеррористік комиссияның желісі бойынша терроризм мен экстремизмнің алдын алу және ескерту жөніндегі жұмысын жүзеге асырады. Жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаның орындалуын үйлестіреді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі: заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,  және құқықтану саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2.  «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 4-1-4).
Функционалдық міндеттері: 12-жылдық білімге көшу сұрақтарына жетекшілік етеді. Оқушыларды бейіндік оқыту жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Облыстың жалпы білім беру мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандыру және компьютеризациялау мониторингін жүзеге асырады. Ғаламтор жүйесіне қосылуды және қолжетімділікті, қашықтықтан оқытуды бақылауға алады. «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үйлестіреді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқыту және білім сапасының жағдайына мониторинг жасайды: математика, физика, информатика, экономика. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жетекшілік ететін сұрақтары бойынша статистикалық есептердің жинақталуын және тапсырылуын іске асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі: педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  • «Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4, №5-1-2)

Функционалдық міндеттері:
Аймақтық, халықаралық семинарлар мен форумдарды ұйымдастыруға жәрдемдесу. Меморандумдар мен келісімдерді іске асыру бойынша сұрақтарды үйлестіру; техникалық және кәсіптік білімді дамыту бойынша аймақтық кеңес отырысына, колледж директорларының жиналысына ақпаратты әзірлеу; облыс колледждеріндегі білім беру жүйесінің инновациялық даму бағыттары бойынша ақпараттық деректер банкін қалыптастыруды жүзеге асыру; жетекшілік ететін колледждерде оқу-тәрбиелік үрдісіне бақылауды жүзеге асыру; техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалысын бақылауды іске асыру; жетекшілік ететін ТжКБ ұйымдары бойынша ҚР БҒМ-не есеп беру материалдарын даярлау және жинақтау; Санитарлық, өртке қарсы нормалардың орындалуын үйлестіру; жетекшілік ететін колледждерде қабылдау комиссиясының жұмысын үйлестіру; жетекшілік ететін колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысына өтінімдерді жинауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі – педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  • «Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4, №5-1-4)

Функционалдық міндеттері:
«Жұмыспен қамту Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша кадрларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру. Жетекшілік ететін колледждерде оқу-тәрбиелік үрдісіне бақылауды жүзеге асыру; техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалысын бақылауды іске асыру; жетекшілік ететін ТжКБ ұйымдары бойынша ҚР БҒМ-не есеп беру материалдарын даярлау және жинақтау. Санитарлық, өртке қарсы нормалардың орындалуын үйлестіру; жетекшілік ететін колледждерде қабылдау комиссиясының жұмысын үйлестіру; жетекшілік ететін колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысына өтінімдерді жинауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі – педагогикалық; гуманитарлық; Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»,  «Әкімшілік рәсімдер туралы», , «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы»  Заңдарын,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  • «Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4, № 6-1-4)

Функционалдық міндеттері:
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша барлық мемлекеттік құрылымдардың жұмысын үйлестірдеі. Жаппай құқықтық оқыту жұмысын үйлестіреді. Діни экстремизмнің алдын алу бойынша шараларды өткізу жөнінде білім бөлімдерінің, облыстық білім ұйымдарының жұмысын үйлестіреді. Мектептердегі «Соңғы қоңырау» және бітіру кештерін өткізу бойынша облыс әкімдігі мен Білім министрлігіне материал әзірлейді. Балаларды Алматы қаласының «Бөбек» қорының ұлттық сауықтыру орталығына жолдау бойынша жұмысты жүргізеді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі – заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

6. «Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ жоспарлау-экономикалық жұмыс бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкерінің 2016 жылғы 11 желтоқсанға дейін бала күтіміне байланысты демалысында болу мерзіміне, 1 бірлік, D-O-4, №7-1-1)
Функционалдық міндеттері:
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, білім беру ұйымдарының стратегиялық жоспарын, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік және облыстық даму бағдарламалары, жоспарлау-экономикалық бөліміне қатысты ББ стратегиялық жоспары бойынша есеп дайындау. Білім беру ұйымдарының қызметшілерінің еңбек төлемінің қорын жоспарлау және талдау. Облыстық білім басқармасының Стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінің материалдарын бекітуге және нақтылауға даярлау. Еңбекақы қоры бойынша жинақтық есеп-қисаптар. Кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік тапсырыс, бір жылға қаржыландыру жоспарын, жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша быр жылға бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарын өзгертуге тапсырыстар мен анықтамаларын құру. Бюджеттік тапсырыстарды, штаттық кестелерді, тарификацияларды тексеру. Әкімшілік мәліметтерді жинақтау және тарату.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, экономика және қаржыландыру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
7. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ персоналды басқару қызмет бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 2-1-2)
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны бойынша есептілік жасау және жүргізу. Облыстың білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің кірісі мен мүлігі жайындағы декларацияларын уақытылы ұсынылуына бақылау жасайды. Мемлекеттік қызметшілермен бөлім жұмысын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша статистикалық есептерді ҚР БҒМ-не жинақтау және тапсыру. Бос мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымына конкурс өткізу жөнінде құжаттар даярлау.  Бос мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымына конкурстық комиссияның, сонымен қатар басқарманың  мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты тәртіптік комиссия хатшысы болып табылады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
        Білімі: экономикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»,  «Әкімшілік рәсімдер туралы», , «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы»  Заңдарын,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
8. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4, № 11-1-1)
Функционалдық міндеттері: 1-18 жас аралығындағы балаларды оқытумен және тәрбиемен жалпылай қамту мәселесі жөніндегі қызметті болжайды, жоспарлайды, ұйымдастырады. Жалпыға міндетті оқыту мәселесін бақылайды. Оқушылардың, оның ішінде жағдайы төмен отбасы балаларының тамақтануын ұйымдастыру сұрағына жетекшілік етеді. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бақылау жасайды. Білім бөлімдерінің алыс елдімекендерінде тұратын балаларды мектепке дейін тасымалдау жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік емес орта білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіреді. Кешкі мектеп, мектеп жаныныдағы интернат, мектеп-интернат, үйде оқыту жұмысына бақылау жасайды.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі: заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасында бала құқығы туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,  және құқықтану саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
          
Конкурсқа  қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы
23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда
№ 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру  соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе пошта арқылы жолдаған, қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, құжат тігілетін папкада орналастырылған құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-де әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде өтеді. Аталған лауазымға орналасатын үміткер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының айқындығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға болады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Бос орындар туралы ақпарат
Қарағанды облысы білім басқармасы
19.10.2015 жыл

Бос лауазымның атауы (егер уақытша болса көрсету қажет)

Біліктілік талаптар жинағы бойынша лауазымның номері

Бірлік саны

Қай уақыттан бастап бос

Сайтқа  орналастыру уақыты

1

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

11-1

1

09.06.2014

09.06.2014

2

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

11-1- 1

1

20.08.2015

20.08.2015

3

Жоспарлау – экономикалық бөлімінің бас маманы (негізгі қызметшінің 2016 жылғы 11  желтоқсанына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне)

7-1-1

1

04.02.2014

04.02.2014

4

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы

4-1-4

1

27.02.2015

10.11.2014

5

Техникалық – кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы

5-1-2

1

10.08.2015

10.08.2015

6

Техникалық – кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы

5-1-4

1

27.08.2015

27.08.2015

7

Тұлғанын адамгершілік рухани дамуы, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы

6-1-4

1

10.08.2015

10.08.2015

 

Барлығы

 

7

 

 

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы