home home

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ хабарламасы

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ хабарламасы

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-4: Жоғары білім.   Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

min

max

Д-О-4

83282

112430

 

           «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: m.esenzholova@karaganda-region.gov.kz  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

              1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі тәрбие және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік, № 3-1-2)

              Функционалдық міндеттері: Шағын жинақты мектептер мен ресурстық орталықтарының жұмысын үйлестіру. ШЖМ, қазақ тілді оқыту мектептерінің ҰБТ қорытындыларына талдау жасау. Абай, Махамбет оқуларының, жас ақындар айтысының, өлең жазатын оқушылар арасында мүшайралардың, шығарма конкурсының және «Жарқын болашақ» өткізілуін ұйымдастыру. «Үздік орта білім беру ұйымы» жыл сайынғы кәсіби конкурсын ұйымдастырады, дайындайды, өткізеді. «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп дарынды балалармен жұмысты үйлестіреді және бақылайды. Оқушылардың пәндік облыстық олимпиадаларының өткізілуін және ресупбликалық олимпиадаға қатысу үшін құрама командасын құрылуын үйлестіру Облыс мектептерінің инновациялық және эксперименталдық жұмысына жетекшілік ету. «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» ҚР заңының жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілдің оқытылуы бөлігінде орындалысын бақылау. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша ҚР БҒМ статистикалық есептерді жинақтау және тапсыру.

               Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:

                Білімі: «білім» мамандықтары бойынша немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша; «Білім туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

           2. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі тәрбие және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік, № 3-1-3)

        Функционалдық міндеттері: «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңының Қазақстан Халық Ассамблеясы стратегиясын жүзеге асыру, этникааралық қатынастардың өзекті сұрақтары, туған және шетел тілдерін меңгеру бөлігінде орындалысын бақылау. Білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мектеп кітапханаларының жұмысын үйлестіру. Гуманитарлық бағыттағы: орыс тілі, орыс әдебиеті, шет тілдері, Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, өлкетану, қоғам тану негіздері және құқықтану пәндері бойынша оқыту жағдайы мен білім сапасына мониторинг жүргізеді. Көптілділік бойынша облыс мектептерінің жұмысын үйлестіреді. Халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру, білім саласында халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттердің елшіліктерімен өзара әрекеттесу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жексенбілік мектептер жұмысын бақылау. Облыстың білім беру ұйымдарына шетел оқытушыларын тарту бойынша жұмысын үйлестіру.Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша ҚР БҒМ статистикалық есептерді жинақтау және тапсыру.

            Білімі: «білім» мамандықтары бойынша; «Білім туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

             3. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі тәрбие және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы (№ 3-1-5, D-O-4 санаты,1 бірлік, 2019 жылғы 22 қарашаға дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты  демалысында болу уақытында).

            Функционалдық міндеттері: Облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісіне бақылау жасайды. Облыстың білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен қамту жұмысына бақылау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бақылау жасау. Мектепке дейінгі ұйымдарда орын алуға кезекте тұрған мектеп жасына дейінгі балаларды есепке алу бойынша жұмыс. Облыстың ПМПК бірлесіп, дамуында ауытқушылықтары бар балаларды есепке алу, аталған санаттағы балаларды отбасылық тәрбиемен, арнайы мектепке дейінгі ұйымдармен қамту бойынша мониторинг. Балабақшалардың, шағын орталықтардың әдістемелік қызметін үйлестіру. Жетекшілік ететін пәндер бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, бағдарламаларын енгізу бойынша жұмысты бақылау. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша ҚР БҒМ статистикалық есептерді жинақтау және тапсыру.

Білімі: «білім» мамандықтары бойынша; «Білім туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

           4. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы  (D-O-4 санаты, 1 бірлік, № 5-1-3)

          Функционалдық міндеттері: Балалар қозғалысын дамыту жөнінде облыстық білім беру ұйымдары мен бөлімдерінің, қоғамдық ата-аналар мен қамқоршылық кеңестерінің жұмысын іске асырады. Мемлекеттік мерекелермен байланысты іс-шараларды ұйымдастыру, облыстық конкурстарды, фестивальдерді, концерттерді, КВНдерді, балалардың көркем шығармашылығының көрмесін өткізу, білім беру ұйымдарында көркем-эстетикалық бағытты жүзеге асыру жұмысына жауапты. «Сарырақа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп әдістемелік көмек көрсетеді, білім бөлімдері облыстық білім ұйымдары мамандарының алдыңғы қатарлы тәжірибесін насихаттайды. Облыс әкімдігіне және ҚР Білім және ғылым министрлігіне «Соңғы қоңырау» мерекесі мен мектеп бітіру кештері туралы ақпарат әзірлейді. Аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру жұмысын орындайды.

          Білімі: «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)  немесе «білім» мамандықтары бойынша; «Білім туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

        5. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ ұйымдастыру жұмысы, мониторинг және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы   (D-O-4 санаты, №8-1-3, 1 бірлік)

        Функционалдық міндеттері: ҚР Президентінің Жолдауы бойынша Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, білім басқармасының Операциялық жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. «Қарағанды облысының білім беруді дамыту бағдарламасын» жүзеге асырылуын бақылау. Алқа мәжілістерін, аппараттық жиналыстар ұйымдастыру, жиналыс жоспарына қатысты ақпарат, материал жинау. Селекторлық жиналыстар мен алқа мәжілістерінің шешімдері мен хаттамаларының жүргізілуін, сақталуын қамтамасыз етеді. Статистикалық есептердің уақытылы және сапалы ұсынылуын, соның ішінде ҰБДҚ толтырылуына іске асыру. Басшылықтың азаматтарды қабылдау және сенім телефоны жұмысының ұйымдастырылуына бақылау жасау.

      Білімі: «білім» мамандықтары бойынша; «Білім туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

             Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

              Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір құн бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

               Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде   «Қарағанды облысының білім  басқармасы» ММ  өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

          Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

             Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

            Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

           Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы