home home

«Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
         D-О-3         санатына:  Жоғары білім;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

       5)  жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
   Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

 

min

max

D-О-3

109932

148242

         «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: m.esenzholova@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:
1.         «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі тәрбие және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы    (1 бірлік, №3-1, D-O-3 санаты)
         Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылықты, жоспарлауды, талдауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңдарының және мектепке дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру мәселелері жөнінде өзге нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын бақылау. 1-18 жас аралығындағы балаларды оқытумен және тәрбиемен жалпы қамту мәселелері жөніндегі қызметті болжау, жоспарлау, ұйымдастыру.  Бөлім міндетіне кіретін мемлекеттік қызметтердің ұсынылу сапасын үйлестіру. Облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісіне бақылау жасау. Мемлекеттік білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, бағдарламаларын енгізу бойынша жұмысты бақылау. Облыстың жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялар мен мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқу-тәрбие үдерісін бақылау. «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп дарынды балалармен жұмысты үйлестіру және бақылау. Көптілділік бойынша облыс мектептерінің жұмысын үйлестіру. Облыстың білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясын ұйымдастыру, дайындау және өткізу жұмыстарын үйлестіру. Азаматтардың өтініштері мен шағымдарының уақытылы қаралуына бақылау жасайды.
      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:       
      Білімі – «білім» мамандықтары бойынша; «Білім туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік - құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды
ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________            ____________________________________
(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы