home home

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ -нің хабарламасы (06.10.2017г.)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 санаты үшін: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

 

min

max

D -О-4

83 282

112 430

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағандыоблысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй, анықтамаүшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: m.esenzholova@karaganda-region.gov.kz ) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі тәрбие және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік, № 3-1-1).

Функционалдық міндеттері: 1-18 жас аралығындағы балаларды оқытумен және тәрбиемен жалпы қамту мәселелері жөніндегі қызметті болжау, жоспарлау, ұйымдастыру. Жаппай оқыту мәселесін бақылау.Оқушылардың, соның ішінде жағдайы төмен отбасы балаларды тамақтандырумен ұйымдастыру. «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 21.12.2007 жылғы № 1256 қаулысының жүзеге асырылуына бақылауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке бақылау. Алыста тұратын оқушыларды тасымалдау жөнінде білім бөлімдерінің жұмысын бақылау және үйлестіру. Кешкі мектептер, мектеп жанындағы интернаттардың, мектеп-интернаттардың, үйде оқыту жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік білім беру стандарттарының, оқу жоспарларының, бағдарламалардың енгізілуін, жетекшілік ететін пәндер бойынша тереңдетіп оқытуды бақылау. Оқу жылының басталуы және аяқталуы, білім беру ұйымдары оқушыларын ауыстыру, қорытынды аттестаттау және бітіру бойынша бұйрықтардың орындалысын бақылау. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша ҚР БҒМ статистикалық есептерді жинақтау және тапсыру. Тамыз конференциясын ұйымдастыруға, дайындауға, өткізуге қатысу. 1 қыркүйек Білім күнін ұйымдастыру, дайындау және өткізу. Инклюзивті оқыту бойынша жұмысты бақылау.Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша хаттар, өтініштер мен шағымдарды қарастырады.

Білімі: жоғары «білім» мамандықтары бойынша; «Білім туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі тәрбие және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік, № 3-1-4)

Функционалдық міндеттері: 12-жылдық білім беруге көшу бойынша мәселелерге жетекшілік жасау.Оқушыларды бейіндік оқыту жұмысын ұйымдастыру.Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандыруды және компьютерлендіруді мониторингілеу.Ғаламтор желісіне, қашықтықтан оқытуға бақылау жасау. «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үйлестіру.«Үздік педагог» жыл сайын өтетін кәсіби облыстық конкурсын ұйымдастыру, дайындау, өткізу. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша ҚР БҒМ статистикалық есептерді жинақтау және тапсыру. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы: математика, физика, информатика, экономика, химия, биология, жаратылыстану, география пәндері бойынша оқыту жағдайы мен білім сапасына мониторинг жүргізеді. Жетекшілік ететін пәндер бойынша емтихан материалдарының әзірленуін және ақырғы емтихандардың өткізілуін жүзеге асырады. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша хаттар, өтініштер мен шағымдарды қарастырады.

Білімі: жоғары «білім» мамандықтары бойынша; «Білім туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, №2-1-2, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер бойынша есеп құрастыру және жүргізу,мемлекеттік қызметшінің Ар-намыс Кодексін ұстануын қадағалау. Облыстық білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің кіріс және мүлік туралы декларацияны уақытылы ұсынуына бақылау жасау. Мемлекеттік әкімшіліік лауазым бойынша бос орынға конкурс өткізуге құжаттар дайындау. Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын құрастыру және іске асыру, оның ішінде, мамандықтар мен біліктілік бойынша; мемлекеттік органның кадр ревервін жасақтау және конкурстық іріктеу өткізу, сонымен қоса «Е-Қызмет» персоналдарды басқарудың ақпаратты жүйесімен мемлекеттік орган кадрлеріне мониторинг жасау және кадрларға қатысты іс-қағаздар жүргізу.

Білімі: жоғары «білім» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Еңбек кодексін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

4. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ жоспарлы-экономикалық жұмысы бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, №6-1-1, 1 бірлік, 2019 жылғы 29 мамырға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу уақытына)

Функционалдық міндеттері: Білімді әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамын, стратегиялық жоспарларды, салалық, аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Жоспарлау-экономикалық жұмыс бөлігінде Қарағанды облысының Даму бағдарламалары және Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша есептер дайындау. Білім беру ұйымдары қызметшілерінің еңбекақы төлемі қорын жоспарлау және талдау. Білім басқармасының бюджеттік бағдарламаларды бекітуге және нақтылауға материал әзірлеу. Еңбекақы қоры бойынша жинақтық есеп-қисаптар әзірлеу. Қаржылық жыл қорытындысы бойынша ББӘ контингенті, штаттары, желісі жайында жинақтау мәліметтерін дайындау. Кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімді, бір жылға қаржыландыру жоспарын, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл бойы бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінімдер мен анықтамалар жасау. Жетекшілік ететін ұйымдардың бюджеттік тапсырыстарын, штаттық кестелерін, тарификацияларынтексеру. «Сарырақа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының», кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының шығындарының жоспарлануына бақылау. «Қаржы үйі» және «Клиент-қазынашылық» ААЖ бағдарламаларымен жұмыс.

Білімі: жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; «Білім туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Бюджет кодексін, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық

куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану

және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын

Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi

туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік

қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға

дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың

көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрд «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері,мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Нысан

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы