home home

«Б» корпусының бос мемлкеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру (05.12.2015)

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-2 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
D-О-3 санаты:  Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
D-О-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  • «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтардағы №10080 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-2

125 559

169 761

D-О-3

84563

108907

D-О-4

64 063

86 485

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: m.esezholova@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
           1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, D-O-2 санаты, № 1-2)
           Функционалдық міндеттері: Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы  Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалысын бақылайды. Жоспарлау-экономикалық бөлімнің, бухгалтерлік есеп, материалдық-техникалық жабдықтау және мемлекеттік сатып алу, персоналды басқару қызметі бөлімдері жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Басқарманың және ведомстволық білім ұйымдарының іс жүргізуінің мемлекеттік тілге көшірілу, білім ұйымдарының ашылу, қайта құрылу, таратылу, жылу, электрлеу, төтенше жағдайлар жөніндегі штабтар қызметін, жылыту мерзімінің жүргізілуі, өрт қауіпсіздігі жұмыстарын үйлестіреді. Білім басқармасының және ведомстволық ұйымдардың мемлекеттік сатып алу жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді. Әлеуметтік экономикалық даму нәтижесі бойынша әкімшілік отырыстарына материалдар әзірлеуді үйлестіреді және бақылау жүргізеді. Білім басқармасының бағдарламаларын, инвестициялық жобаларын әзірлеуге қатысады. Ведомстволық білім ұйымдарының қаржылық қызметтерін тексеру қорытындысы бойынша анықталған құқық бұзушылықтарды жоюды бақылайды.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі: педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,  осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.
2. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (1 бірлік, D-O-3 санаты, № 11-1)
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім қызметін жоспарлау, талдау. Бөлімнің қызметті құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Сот органдарында басқарманың мүддесін ұсынады және қорғайды. Құқықтық сұрақтарды қарау кезінде облыстық құқық қорғау құрылымдарымен, прокуратурамен, қаржы полициясымен, әділет департаментімен, сонымен қатар басқа ұйымдармен өзара қызметтесуді қамтамасыз етеді. Өнім берушілермен даулы жұмыстарды жүргізеді. Білім басқармасының құжаттарын заңды сүйемелдеу. Білім беру ұйымдарындағы антитеррористік комиссияның желісі бойынша терроризм мен экстремизмнің алдын алу және ескерту жөніндегі жұмысын жүзеге асырады. Жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаның орындалуын үйлестіреді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі: заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,  және құқықтану саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
           3.  «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, № 4-1-1).
Функционалдық міндеттері: 1-18 жас аралығындағы балаларды оқытумен және тәрбиемен жалпылай қамту мәселесі жөніндегі қызметті болжайды, жоспарлайды, ұйымдастырады. Жалпыға міндетті оқыту мәселесін бақылайды. Оқушылардың, оның ішінде жағдайы төмен отбасы балаларының тамақтануын ұйымдастыру сұрағына жетекшілік етеді. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бақылау жасайды. Білім бөлімдерінің алыс елді-мекендерінде тұратын балаларды мектепке дейін тасымалдау жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік емес орта білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіреді. Кешкі мектеп, мектеп жаныныдағы интернат, мектеп-интернат, үйде оқыту жұмысына бақылау жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі: педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
           4. .«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, №5-1-2)
Функционалдық міндеттері: Аймақтық, халықаралық семинарлар мен форумдарды ұйымдастыруға жәрдемдесу. Меморандумдар мен келісімдерді іске асыру бойынша сұрақтарды үйлестіру; техникалық және кәсіптік білімді дамыту бойынша аймақтық кеңес отырысына, колледж директорларының жиналысына ақпаратты әзірлеу; облыс колледждеріндегі білім беру жүйесінің инновациялық даму бағыттары бойынша ақпараттық деректер банкін қалыптастыруды жүзеге асыру; жетекшілік ететін колледждерде оқу-тәрбиелік үрдісіне бақылауды жүзеге асыру; техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалысын бақылауды іске асыру; жетекшілік ететін ТжКБ ұйымдары бойынша ҚР БҒМ-не есеп беру материалдарын даярлау және жинақтау; Санитарлық, өртке қарсы нормалардың орындалуын үйлестіру; жетекшілік ететін колледждерде қабылдау комиссиясының жұмысын үйлестіру; жетекшілік ететін колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысына өтінімдерді жинауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі – педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын және білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
           5. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ жоспарлау-экономикалық жұмыс бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, №7-1-1, 2016 жылғы 11 желтоқсанға дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне)
Функционалдық міндеттері: Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, білім беру ұйымдарының стратегиялық жоспарын, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік және облыстық даму бағдарламалары, жоспарлау-экономикалық бөліміне қатысты ББ стратегиялық жоспары бойынша есеп дайындау. Білім беру ұйымдарының қызметшілерінің еңбек төлемінің қорын жоспарлау және талдау. Облыстық білім басқармасының Стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінің материалдарын бекітуге және нақтылауға даярлау. Еңбекақы қоры бойынша жинақтық есеп-қисаптар. Кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік тапсырыс, бір жылға қаржыландыру жоспарын, жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша быр жылға бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарын өзгертуге тапсырыстар мен анықтамаларын құру. Бюджеттік тапсырыстарды, штаттық кестелерді, тарификацияларды тексеру. Әкімшілік мәліметтерді жинақтау және тарату.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін, экономика және қаржыландыру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
           6. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ жоспарлау-экономикалық жұмыс бөлімінің бас маманы (1 бірлік, D-O-4 санаты, №7-1-2, 2016 жылғы 7 шілдеге дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне)
Функционалдық міндеттері:
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, білім беру ұйымдарының стратегиялық жоспарын, салалық және аймақтық бағдарламаларын, білім ұйымдарының бюджеттік тапсырыстарын және  қаржыландыру жоспарын әзірлеуге қатысу. Кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік тапсырыс, бір жылға қаржыландыру жоспарын, балалар үйлері, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың, арнайы мектеп-интернаттар бойынша быр жылға бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарын өзгертуге тапсырыстар мен анықтамаларын құру. Экономикалық және қаржылық жиынтық есептер мен қаржы жоспарын құру. 
Жетекшілік ететін ұйымдардың бюджеттік тапсырыстарын, штаттық кестелерін, тарификацияларын, жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге тапсырыстарын қабылдау мен тексеру.Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар мен шараларды іске асыруға арналған қаржылық шығындарды талдау, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қамтамасыз ету, тамақтандыру, киім – кешекпен және жұмсақ жиhазбен қамсыздандыру нормаларын есепке алу. Әкімшілік мәліметтерді жинақтау және тарату. «Қаржы үйі» және «Қазнашылық-клиенті» ААЖ бағдарламаларымен жұмыс істеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін, экономика және қаржыландыру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;    еңбек    қызметін    растайтын    құжаттың    нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы