home home

Төменгі лауазымдар болып табылмайтын«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама (18.04.2016)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-2 санатына: Жоғары білім;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
 Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
D-О-3 санатына: Жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
 Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

     D-О-2

163233

220697

D-О-3

109932

148242

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Әлиханов к., 19-үй,  анықтама үшін телефон (факс): 8(7212) 412242, электрондық пошта: m.esezholova@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
           1. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, D-O-2 санаты, № 1-2).
           Функционалдық міндеттері: Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы  Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалысын бақылайды. Жоспарлау-экономикалық бөлімнің, бухгалтерлік есеп, материалдық-техникалық жабдықтау және мемлекеттік сатып алу, персоналды басқару қызметі бөлімдері жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Басқарманың және ведомстволық білім ұйымдарының іс жүргізуінің мемлекеттік тілге көшірілу, білім ұйымдарының ашылу, қайта құрылу, таратылу, жылу, электрлеу, төтенше жағдайлар жөніндегі штабтар қызметін, жылыту мерзімінің жүргізілуі, өрт қауіпсіздігі жұмыстарын үйлестіреді. Білім басқармасының және ведомстволық ұйымдардың күрделі жөндеу және құрылыс жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді. Тапсырыстардың рәсімделуін, оқулықтардың түсуін және таратылуын бақылайды. Ауылдық елдімекендердің даму бағдарламаларының орындалуын бақылайды. Қаржыландырудың жоспарлануына және орындалуына талдау жасайды. Білім басқармасы мен ведомстволық ұйымдардың мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысын үйлестіреді.Әлеуметтік экономикалық даму нәтижесі бойынша әкімшілік отырыстарына материалдар әзірлеуді үйлестіреді және бақылау жүргізеді. Білім басқармасының бағдарламаларын, инвестициялық жобаларын әзірлеуге қатысады. Білім беру жүйесінің діни жағдайына мониторинг жүргізеді. Әлеуметтік жанжалдардың алдын алу жұмысын жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия жұмысына қатысады және үйлестіреді. Ведомстволық білім ұйымдарының қаржылық қызметтерін тексеру қорытындысы бойынша анықталған құқық бұзушылықтарды жоюды бақылайды.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі:«білім» мамандықтары бойыншанемесе  «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша(саясаттану); Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік–құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,  осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.
2. «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (1 бірлік, D-O-3 санаты, № 11-1)
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім қызметін жоспарлау, талдау. Бөлімнің қызметті құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Заңдарының және  басқарма қызметіне қатысты заңгерлік сұрақтар бойынша өзге нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасайды. Сот органдарында басқарманың мүддесін ұсынады және қорғайды. Құқықтық сұрақтарды қарау кезінде облыстық құқық қорғау құрылымдарымен, прокуратурамен, қаржы полициясымен, әділет департаментімен, сонымен қатар басқа ұйымдармен өзара қызметтесуді қамтамасыз етеді. Өнім берушілермен даулы жұмыстарды жүргізеді. Басқарма басшысының тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды.
Білім басқармасының құжаттарын заңды сүйемелдеу. Білім беру ұйымдарындағы антитеррористік комиссияның желісі бойынша терроризм мен экстремизмнің алдын алу және ескерту жөніндегі жұмысын жүзеге асырады. Жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаның орындалуын үйлестіреді. Басшының қабылданған актілері бойынша қызметін және білім басқармасының ішкі актілерін, келісім-шарттарын үйлестіреді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын  талаптар:
Білімі: «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік–құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және құқықтану саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы