home home

Қарағанды облысының білім басқармасының «Шахтинск технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Орналасқан орны(мекен-жайы): 101600 Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы,  Абай  көшесі 9, тел. 8 72156- 3-90-63
Лауазымдық жалақысы


санаты

қызмет өткерген жылдарына  байланысты   лауазымдық  жалақысы (теңге)

бастап

дейін

А1-2

92 201

111 845

Функционалдық  міндеттері:  Оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік , әкімшілік – шаруашылық және қаржы-экономикалық жұмыстарын қолданыстағы заңнамаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес, қабылданған шешімдердің салдарына толық жауапкершілікті өзіне ала отырып басқарады. Іргелі және қолданбалы сипаттағы маңызды ғылыми проблемалар бойынша зерттеулердің жүргізілуіне ғылыми басшылықты жүзеге асырады және қатысады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады, оларды жүргізудің әдістері мен құралдарын анықтайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын қалыптастыруға қатысады, басқа ұйымдардағы бірігіп орындаушылардың қызметін үйлестіреді.  Интеллектуалды жарыстар өткізудің әдістемелері мен формаларына талдау жүргізеді, әзірлейді және оны ғылыми негіздеуді жүзеге асырады; дарынды балалар мен жастардың дамуын анықтау бойынша психикалық диагностикалық және түзету қызметінің технологияларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етеді. Қосымша білім беретін мектептер жұмысының оң тәжірибелерін қорытындылайды және таратады, семинарларды, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ғылыми-әдістемелік материалдардың жариялануын қамтамасыз етеді.
Жұмыс берушілер және демеушілермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу- материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер режимін және еңбекті қорғау ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейімен қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен  жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қоғамдық және өзге де ұйымдарда жоғары тұрған білім беру ұйымдарын таныстырады, қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
          Үміткерлерге  қойылатын  талаптар: білімі – жоғары, білім беру ұйымындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарында басшы лауазымда  еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Білуі қажет: Қазақстан  Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасындағы  Азаматтық кодексті, Қазақстан Республикасындағы  Еңбек кодексін, «Білім  туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрес  туралы » Заңдарын және аталмыш  санаттың  лауазымы бойынша  функционалдық  міндеттерді  атқару  үшін  қажетті  өзге  де  нормативтік –құқықтық актілерді білуі.Конкурс Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі.  Конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті құжаттар  осы  хабарландыру  бұқаралық  ақпарат құралдарының басылымдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік  күннің ішінде қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті  мәліметтерді мына мекен –жай бойынша білуге болады: 100008, Қарағанды қаласы, Ә. Әлиханов көшесі, 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 кабинет, анықтама  үшін  телефон: 41-22-42, факс 41-13-19.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы