home home

Бөлім жаңалығы



2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» XІ республикалық математикалық турнирінің қорытындысы


фото к новости

2018 жылғы 18-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектеп-интернатының базасында 2-4 сынып оқушыларының арасында «Бастау» XІ республикалық математикалық турнирі өткізілді. Республикалық турнирге Қарағанды облысынан екі команда қатысты.
Турнирдің барлық кезеңдерінде оқушылар жоғары математикалық білімдері мен ауызша математикалық дәлелдеу дағдыларын, командада жұмыс істеу қабілеттері мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді.
Турнирдің қорытындысы бойынша командалық есепте І дәрежелі дипломмен құрамы үш оқушыдан (Ким Алексей, Симонов Сергей және Чавоши Имран) жасақталған Қарағанды қ. № 38 гимназиясының командасы марапатталды. 
Жеке біріншілікте І дәрежелі дипломмен Қарағанды қ. № 38 гимназиясының 4 сынып оқушысы Ким Алексей, ІІІ дәрежелі дипломдармен Қарағанды қ. № 38 гимназиясының 3 сынып оқушысы Симонов Сергей мен 2 сынып оқушысы Чавоши Имран марапатталды.
Математикалық турнирде ерекше қабілетімен көрінгені үшін Қарағанды қ. № 92 гимназиясының 4 сынып оқушысы Фазыл Аягөз ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.

фото
фото
фото
фото
фото
фото


Артқа оралу


Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы