home home

Бөлім жаңалығы



Өнерлі бүлдіршіндер!


фото к новости

Астана қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ағымдағы жылдың  4 шілдесінде «Таңғы шұғыла» шығармашылық жобасы аясындағы фестиваль-байқау өтті. Байқауға Шет ауданы, С.Сейфуллин атындағы кентте орналасқан, «Балдәурен» бөбекжайының өнерпаздары хореография жанры бойынша өнер көрсетіп қайтты. Өнерлі бүлдіршіндер Көшербаева Дина,Темірхан Анел, Какен Каусар, Жанболат Айсара, Совет Айару I және III жүлделі орынды иеленіп ,жеңіс тұғырынан көрінді. Өнерлі балақайларды өнерге баулыған бөбекжай ұстаздары  Алтынбаева Ж.С., Данабекова А.Ш. Астана қаласының мәдениет басқармасының алғыс хатымен марапатталды.  Сонымен қатар, аталған өнерпаздар маусым айының 2-3 жұлдызында Қарағанды қаласында М.Сутюшевтің шығармашылығына арналған халықаралық Startrek «Капельки росы» фестиваль-байқауында «Қытай» биімен II жүлделі орынды иеленді. Көшербаева Дина ұлттық қолөнерді дәріптейтін «Сырмақ биін» билеп I жүлделі орынды қанжығасына байлады. Бөбекжайдың директоры Ахмедиева Айымкүл Зейнуллақызы Қарағанды қаласында М.Сутюшевтің шығармашылығына арналған халықаралық Startrek «Капельки росы» фестивалі директорының алғыс хатымен марапатталды. Өнерлі бүлдіршіндерді бөбекжай ұжымы жеңістерімен құттықтап, бөбекжай мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ат салысқан үшін бөбекжай директоры Ахмедиева Айымкүл Зейнуллақызына және ата-аналарға алғыс білдірді.

фото
фото
фото
фото
фото
фото


Артқа оралу


Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы