home home

Бөлім жаңалығы



Ақтөбе облысынан 64 оқушы Қарағанды обысының көрнекті жерлерін аралауға келді


фото к новости

Фото: karaganda-region.gov.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық өлкетану акциясына Қарағанды облысына Ақтөбеден балалар келді.

- Біз қызықты және танымдық бағдарлама ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Балалар Бірінші Президент қаласы – Теміртауға барады, онда мәдени орталықтарды аралайды және металлургиялық комбинатқа барады да Президенттің замандастарымен кездеседі. Сондай-ақ олар үшін Карлаг пен Қарқаралы ауданына экскурсиялар ұйымдастырылады. Балалар Қарағанды облысы туралы көптеген дүниелермен танысады. Бұл кездесу өте қызықты өтеді деп үміттенеміз, - дейді ақпараттық технологиялар мамандандырылған лицей-интернаты директорының орынбасары Бибігүл Жапарова.

Үш күндік акцияға Ақтөбе олбысынан келген 64 бала қатысады.

- Қатысушылардың жасы 10-18 жас аралығында. Ақтөбе облысында 2018-ші жыл «Бақытты бала» деген атаумен аталған. Осыған байланысты бізде түрлі шаралар өткізілуде. Солардың бірі – аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-ана қамқорысыз қалған, мектеп және республикалық олимпиадалардың жеңмпаздары атанған балалар үшін пайдалы жазғы демалыс ұйымдастыру болып табылады. Осы секілді экскурсиялар еліміздің басқа да өңірлеріне ұйымдастырылған. Балалар өте қуанышты. Біз осылай қарсы алып, сыйлық табыс еткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз, - дейді Ақтөбе облысының делегация жетекшісі Бақытгүл Ешпанова.

Балаларды бес тәрбиеші мен бір медбике алып жүруде. Делегацияның барлық қатысушылары Қарағандыға алғаш рет келіп отыр.

- маған бізді қалай қарсы алғаны ұнады. Біз Қарағандыға келгенімішге өте қуаныштымыз, осы аймақтың әсем жерлерін көріп, Қарағанды облысының киелі жерлерін аралағымыз келеді,- деді 12 жасар Ақмаржан Аманбай.

Экскурсия кезінде Ақтөбе облысынан келген делегацияны ІІД жергілікті полиция қызметі қоса алып жүретін болады.

Акцияның мақсаты – туған еліміздің мәдениеті мен тарихын зерттеу, тарихи жерлердің әртүрлілігі мен өзгешелігі туралы білім алу. 
karaganda-region.gov.kz

фото
фото
фото
фото


Артқа оралу


Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы