home home

12-жылдық білім беруді кезеңмен енгізу

Ел басшысы Н.Назарбаев өзінің бағдарламалық құжатында 5 президенттік реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамды, соның ішінде мектепте білім беру стандартының жаңаруы және 12-жылдық білім беруді кезеңмен енгізуді анықтады.
2016 жылдан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына кезеңмен көшу жоспарлануда.
2015 жылы бастауыш мектепке арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бекітілген. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республикамыздың 30 пилоттық мектептің 1 сыныптарының оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендері, жалпы бастауыш мектептері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша апробация басталған, соның ішінде Қарағанды облысынан 2 мектеп. Олар Қарағанды қаласының №3 мектеп гимназиясы және Нұра ауданының №2 орта білім беретін мектеп.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республикамыздың барлық 1 сыныптары 12-жылдық мектеп бағдарламасы бойынша білім беруге көшеді. Осылайша, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу басталады. 1 сыныптан бастап жана пән «Жаратылыстану», және 3 сыныптан бастап «Ақпартатық – коммуникациялық технологиялары» енгізіледі.
Бірінші сыныптар аптасына 5 рет осы жылдан бастап оқиды. Мамандар оқу аптасының ұзақтығын қысқартқан кезде білім берудің нәтижесін көтеретіндігін ғылыми түрде дәлелдеді.
Негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында үштілділік пен 12-жылдық білім беруді енгізуді көздеп отыр.
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылым дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 12-жылдық білім беруге 2016 жылдан – 1 сыныптар, 2017 жылдан – 2,5,7 сыныптар, 2018 жылдан – 3,6,8,10 сыныптар, 2019 жылдан – 4,9,11,12 сыныптар көшуді көздеп отыр.
Еліміздің басшысының оқу аптасына бескүндік білім беруге көшу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар оқу жүктемесін қысқартуына байланысты оқу жылы ішіндегі демалыстардың ұзақтығын 30 күнге ауыстыруы туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда оқу жылы 36 аптаны құрайды.
2017 жылы барлық мектептердің 2,5,7 сыныптар 12-жылдық білім беруге көшуі бойынша оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендері әзірленіп, бекітілді. 2016 жылы негізгі және орта мектептердің бағдарламасы бекітіледі.
Бірінші сынып оқушылары 1қыркүйек пен 1 маусым аралығында 35 оқу апта оқитын болады, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары 1 қыркұйек пен 10 маусым аралығында 36 оқу апта оқиды.
Сенбілік күндерін босатуға байланысты оқу жылы бастауыш сыныптарда 5 күнге, орта және жоғарғы сыныптарда 10 күнге созылады.
Оқу аптасының ұзақтығына тәуелсіз, оқушылардың негізгі (инвариантты) оқу бастауыш сыныпта 5 сабақтан артық емес және вариативті оқу 6 сабақтан артық емес жүктемесін құрайды.
Аптаның алтыншы күні (сенбі) – Тұлғалық даму мен қосымша білім беру күні.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы