home home

«Қарағанды облысының білім беру саласын цифрландыру»

 «Сандық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру үшін білім беру саласында цифровизациялауды арттырудың жоспары құрастырылды. Жоспарда үш негізгі бағыт айқындалған.

Бірінші бағыт – сандық балабақша

Бұл бағыт шеңберінде «МДББҰ электронды кезек» жобасы енгізіле бастады. Жоба 6 қалада (Шахтинск, Қарағанды, Теміртау, Саран, Жезқазған, Приозерск) сәтті іске асырылуда. Жыл соңына дейін бағдарлама тағы 5 аймақта (Балқаш, Қаражал қалалары, Абай, Ақтоғай, Шет аудандары) орнатылатын болады. Бұл 48% мектепке дейінгі ұйымдарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (251). Алайда, Сатпаев қаласында аталған бағдарламаны енгізу үшін қаржы қарастырылмаған.

Жоба мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үрдісін толық автоматтандыруға бағытталған. Тек кезекке қою ғана емес, балабақшаға жолдама алу және оған қабылдану автоматтандырылады, бұл  сыбайлас жемқорлық қатерін жоюға мүмкіндік береді.

Екінші бағыт – сандық мектеп.

2010 жылдан бастап біздің облысымызда Вilimal басқарудың автоматтандырылған жүйесі табысты іске асырылуда. Бүгінгі таңда бұл жүйемен 468 облыс мектебі қамтамасыз етілген. Бұл жалпы мектептер санының 90% болып табылады. 320 мектеп электронды журналдың пайдасына қағаз журналды толтырудан толықтай бас тартты, бұл облыстың барлық мектептерінің 62% құрайды.

Электронды сынып журналына толық көшу қажеттілігі Edu-Mark ата-аналарға арналған мобильді қосымшаны табысты іске асырумен расталады, онда 150 000-нан астам белсенді қолданушы тіркелген. Мобильді қосымша көмегімен күн сайын облыстың 20% ата-анасы push хабарлама арқылы оқушының оқу үлгерімі мен сабаққа баруын қадағалайды, ата-аналар қауымдастығын ашады және күрделі мәселелерді талқылайды. Бұдан басқа, ата-аналар Bilimal.kz. порталындағы оқушының электронды күнделігін белсенді қолдануда.

Бүгінгі таңда «Педагогикалық қызметкерлерді электронды аттестаттау» жобасы апробациядан өтуде. Бұл портфолионың электронды үлгісін сарапшы комиссияға жіберуге мүмкіндік береді. Жобаны 2018 жылғы мамырда іске қосу жоспарланған.

Вilimal арқылы «Мектепке қабылау» және «Кадр құрамын қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру жоспарлануда.

Қазір электронды базаны бір қатар басқарма жүйелерімен (денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар) біріктіру бойынша жұмыс жоспарланған.

Орта білім беру саласында цифровизациялауды дамыған инфрақұрылымсыз елестету мүмкін емес.

Өткен жылы кең жолақты ғаламторға 2-ден 4 мб/с жылдамдықпен қосылған мектептердің саны 94-тен 97% артты (ҚР БҒМ әдістемесі бойынша 4 мб/с-тан бастап есептеледі). Осы жылы бұл көрсеткішті 100% дейін, 50% мектептердегі ғаламтор жылдамдығын 20 мб/с-тан кем емес жылдамдыққа жеткізу жоспарланған.Алайда, Ақтоғай ауданында ғаламторға қосылудың аз жылдамдығы байқалады (21 мектеп-2мбит/с), Қарқаралыда 3 мектептің ғаламторға қосылу мүмкіндігі жоқ. Нұра ауданында 8 мектептің ғаламторға қосылу мүмкіндігі жоқ, ал 3 мектепте қосылу жылдамдығы 256 кбит/с, 15 мектепте – 2 мбит/с. Ұлытау ауданында қосылудың ең аз жылдамдығы анықталды 17 мектепте  2 мбит/с. Шет ауданының 7 мектебінде интернет мүлдем жоқ, 27-сінде қанағаттанарлықсыз жылдамдық 2 мбит/с. Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында «Қазақтелеком»АҚ шарт бойынша өз міндеттерін орындамауы кесірінен, 15 мектептің ғаламторға қосылу сұрағы туындады.         

Анықтамалық:

515 мектептің 11-ында ғаламторға қосылмаған. 120 мектепте 4 мбит/с-тен төмен қосылу жылдамдығы байқалады.

25% мектеп – ғаламторға төмен жылдамдықпен қосылған, 75% мектепте жылдамдық 4 мбит/с-тен жоғары.

158 мектеп немесе 30%  4 мбит/с-тен 8 мбит/с-тен жоғары жылдамдыққа ие,211 мектеп 8-ден 20 мбит/с (41 %). Облыстың тек 7 мектебі немесе 1,3% ғаламторға қосылу жылдамдығы 20 мбит/с-тен жоғары.

Қазіргі таңда 59% мектеп (515-тен 271) Wi-Fi-ға қосылған. Қосылудың ең аз көрсеткіші Қаражал қ.- 0%, Қарқаралы - 8%,Нұра - 8%,

2017 жылы ескірген компьютерлік техника үлесі 9,6-тан 4% кемігеніне қарамастын, бұл көрсеткіш Шет - 29%, Жаңаарқа – 13,8, Ұлытау – 13,1 аудандарында жоғары.

Бүгінгі таңда тек 26% пән мұғалімдері «компьютер-проектор-экран» кешенімен қамтамасыз етілген.  Бұл жеткіліксіз. Ең төменгі көрсеткіштер Сатпаев - 2%, Жезқазған - 3%.

Ағымдағы жылы сандық инфрақұрылымды дамытуға 2,6 мың компьютерді сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 575 млн.теңге қарастырылған. Республикалық бюджеттен «компьютер-проектор-экран» кешенін сатып алу үшін 508,2 млн. теңге, кең жолақты ғаламторға қосылу сапасын жақсарту үшін 266,8 млн.теңге бөлінді.

Облыстың барлық мектептері сандық білім беру ресурстарына қосылғанын атап өту керек, оның 62% - оn-line режимде және 38 % - оff-line режимде. Алайда,  Бұқар-Жырау- 9,54, Ақтоғай – 13,95 аудандарында, Теміртау - 12,79,  Қаражал – 12,87 қалаларында қарау коэффициенті аса төмен.

Аймақта заманауи ақпараттық технологияларды теориялық және тәжірибелік меңгеру үшін жобалау мен қүрастырудың шеберлігін қамтамасыз ету үшін «Білім беретін роботты техника» жобасы іске асырылуда.

Өткен жылы роботты техника зертханаларының саны 47-ден 200-ге дейін өсті. Биыл олардың санын 400-ге дейін ұлғайту міндеті тұр.  Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау және Шахтинск қалаларында олардың базасында балалар технопарктерін құру басталады.

2015 жылы біздің аймақ елімізде алғаш рет «Роботты техника» фестивалі өткізді, ол халықаралық мәртебеге ие болды. Егер бірінші фестивальге тек 70 оқушы қатысса, биылғы жылы алыс және жақын шет елдерден  637 команда 1500-ден астам қатысушылар қатысты.

Және соңғысы білім беру саласындағы үшінші бағыт – сандық колледж.

Біріншіден бұл «Электронды сессия» жобасы.  Жоба семестрді ашық, әділ және объективті өткізуді, бір мезгілде көп студенттерді тестілеуге байланысты аралық аттестация жүргізу уақытын үнемдеуді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауды қамтамасыз етеді.

Bilimal жүйесінің тағы бір басты ерекшелігі кәсіптік бағдарлау жүйесі болып табылады. Мектептер мен колледждерді бірыңғай кешенге біріктіру арқылы жалпы орта және бастауыш кәсіптік білім берудің үздіксіздігін IT-сервис деңгейінде іске асыруда Қарағанды облысын бірінші орынға ие болды.

Үлгерім көрсеткіші мен кәсіптік бағдарлау, сонымен қатар  bilimal.kz ақпараттық-білім беру порталындағы басқа компоненттер нәтижесі негізінде бірегей ақпараттық сервис – «Кім боламын? мамандық навигаторы» құрылды. Сервис жоғары сынып оқушыларына заманауи кәсіптер әлеміне бағдарлануына және таңдаған мамандықтарына қарай осы мамандық бойынша оқуға болатын колледждердің тізімін алуға көмектеседі. Қосымшаны 11 мыңнан астам қолданушылар қолдануда.

Осы жобаларды іске асыру облыстағы барлық білім беру ұйымдарын балабақшадан бастап бірыңғай ақпараттық кеңістікте жұмыс істеуге және білім беру жүйесінің толық цифрландыруыға өтуіне мүмкіндік береді.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы