home home

Ардагер педагог Әміртайұлы Тілеуғалы

Жолдаудың жолы нұрлы болсын!

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жыл қарашасының  11 жұлдызындағы   «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысындағы халыққа арнаған «Нұрлы жол» атты Жолдауында еліміздің өсу-өркендеу  барысындағы экономикалық   реформаға баса назар аударылған.   
«Өткен жылдарда халық шаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды сату пайдасының түсімдерін біз үнемі Халықтыққорға жинақтауда болдық, енді осы табыстарымызды ел байлығын көтеруге, халық жағдайын жақсартуға пайдалану сәті жетті», - дей келе Елбасымыз халық шаруашылығының  әрбір саласындағы тоқырауларға тоқтай келе, алдағы уақытта, 2015 жылдан бастап ол кемішіліктерді жоюды  қажет етерлік қаржы көлемін анық көрсетіп, нақты таапсырыстар берген.
Айталық, елімізді жылу жүйесі және сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге, өзгерістер енгізуге, жеделдете жетілдіруге жыл сйын 100 млрд теңге, 2015-2016 жылдары жалдамалы тұрғын үй құрылыстарын салуға жоспарлы қорды  қосымша 180 млрд теңгеге  арттыруға  тапсырыс берілді.
Сондай-ақ,  елімізде осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан  апатты жағдайдағы мектептерді жою және үш ауысымда оқытуды қысқарту мәселесіне ерекше тоқтап, осы бағытта білім саласына қосымша 70 млрд теңгені кесікті түрде айтып, Үкіметке кесімді тапсырыс беруі, бұл жүйеде еңбек етушілерді қуантуда. Ондай мектептердің саны жыл сайын азайса да, әлі де сақталуы, жас ұрпаққа бір ауысымда білім-тәлім беруді аңсайтын  ұстаздарды да, ата-аналарды да қынжылтары ақиқат.  Бір ауысымда, ертеңгілік уақытта  жұмыс жасайтын мектептің сапалы білім беруге, оқушылары мен мұғалімдеріне жағдай туғызуға  мүмкіншілігі қанша молайса, оқушылардың да, мына индустриальды-инновациялық заманда, қарқынды-қаурыттық уақытта дайындалып-дамуына,  таңдап - талғауына, шынығып – шыңдалуына соншама уақыты болар еді.
Мектепті ғана емес, мектептің түп тамыры болып есептелетін, алғашқы тәлім-тәрбиенің, тіпті қазіргі уақытта білім нәрінің тамшыларын бойына жинай бастайтын мектепке  дейінгі ұйымдардағы  орын тапшылығы туралы терең ойлап, алдағы үш жылда қосымша 20 млрд теңге бөлуі ел басқарушылардың, оның ішінде Елбасымыздың көрегендігі.
«Нұрлы жол» Жолдауы расында еліміздің болашағын нұрландыратын, жастарымыздың жағдайын жандандыра – жарқырататын Жаңа Экономикалық саясат. Бұл Жолдаудың әрбір саналы азаматты асқақтатары, болашаққа деген сенімін арттырары, егеменді еліміздің  ең дамыған 30 елдің қатарына кіруде өз үлесін қосардай қарқынды қадам жасап, елеулі еңбек жолына тартары белгілі.
Жолдаудың жолы нұрлы болсын, тапсырыстар іске асып, нәтижелері құнды болсын!

Ардагер педагог:
Әміртайұлы Тілеуғалы


 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы