home home

«Дарын» мектебінің 9-сынып оқушысы

Мен, «Дарын» мектебінің 9-сынып оқушысы  Тойбек қызы Айдана, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 11 қарашада жолдаған  жаңа  жолдауымен таныстым. Осы жолдауда елбасымыз «Нұрлы жол» экономикалық саясатында  жаңа өзгеріс еңгізу  туралы мәлімдеді.
Елімізді осы саясат экономикасында үлкен сынақ күтіп тұрғаны жайлы айтылды, мұнда белесті тек мықты және ұйымшыл мемлекеттер өте алатыны ескертілді. Барлық  табиғи ресурстардың құралын Ұлттық қор  жинақтағаны  жөнінде, нәтижесінде қиын кезеңдерді  өткеруге көмек беретінін хабардар етті.
Мен саясаттың  дұрыс  бағытының нәтижесінде қиын кезеңдерден  сәтті өте алатынымызға  сенемін.                                 
Жергілікті  өкілдерге  барлық жауапкершілік жүктелетіні анық. Қазақстаннның  транспорттық инфраструктурасы «Нұрлы жол» сәулелік ұстанымы бойынша   дамиды екен.  Туристік инфрастуктура дамығанда  жұмыс орны көбейетіні жөнінде айтылды , яғни  халықтың  тұрмыстық  жағдайы  жақсаратыны анық, себебі  көп адамдар жұмыспен  қамтамасыз  етіледі.
Энергетикалық инфраструктура «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» жоғарғы кернеулі желісін салу жөнінде айтылды, мұнда да  халыққа  жаңа жұмыс  орны  ашылатыны , жағдай жасалатыны  белгілі. 
2015-2016 жылдар аралығында  тұрғын үй  бағдарламасында жалға  үй беруді  көбейтуді тапсырды, яғни бұдан көп қаржы  бөлінеді және   халықтың тұрмыстық  жағдайын  жақсартуға  мүмкіндік болады. Халымыз  үшін  мен  өте  қуаныштымын.
Елбасымыздың   осы жолдауында  айтылған мәліметтермен таныса  отырып, үлкен  жетістіктерге  жететінімізге  сенемін.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы