home home

Қарағанды қаласы Балалар мен жеткіншектер сарайының директоры

«Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты Елбасының жолдауы Қарағанды қаласы Балалар мен жеткіншектер сарайының педагогикалық ұжымының көңіліне қуаныш сыйлады. Балалық шақтың бағбандары ұстаздар қауымы әрқашан болашаққа алаңдаулы. Тек мықты мемлекет қана ұрпақ қамын ойлап, болашақты балалық шақпен байланыстыра алады. Қарағанды қаласының  Балалар мен жеткіншектер сарайының ұжымы жасөспірімдер мен жастарға өз халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын үйрету, ел тарихы туралы танымын кеңейту, ұлттық өнер мен мәдениетімізді дамыту мен көркейту және тұрғындардың сұранысына сай іс-шараларды жүзеге асыру үстінде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып келеді.
Педагогикалық ұжым әрқашан қоғам талабын сақтайтын және қоғамға өз пайдасын келтіре алатын, - бәсекеге қабілетті, азаматтық ұстанымы қалыптасқан, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуде. «Нұрлы жол- болашаққа бағыт» жаңа экономикалық саясат болғандықтан мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына басқан жаһандық қадам деп білеміз. Бұл білім мен тәрбие жолдау жүйесінде қордаланған мәселелерді шешудегі оңтайлы бағыт ретіндегі жол өз бағытын дұрыс таңдады. Қосымша білім беру өкілдері ойынан Елбасының жолдауында көрсетілген мақсатқа қадам басып, үлес қосарымызды жеткізгіміз келеді. Білімді де білікті, мәдениеті де өнерлі, жаны мен тәні сау ұрпақ әрқашан өз халқының тарихымен, тілімен, ділімен сусындалған. Осы ұлттық рухымыздың күретамырына мықты қаржылық қолдау көрсету арқылы, мемлекетіміздің  байрағы, дамыған елдердің байрағымен қатар желбіремек.

Қарағанды қаласы  Балалар мен жеткіншектер сарайының директоры
Алтынбекова Шариза Далабаевна
 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы