home home

№ 16 лицей-мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Н.Казенова

11 қарашада Елбасының кезекті дәстүрлі жолдауы жарияланды. Бұл жолдауда Қазақстан халқына үлкен міндет жүктелді, әсіресе барлық аймақтың әкімдеріне және басшыларына тапсырма берілді. Бұл жолдау басқа жолдаулардан ерекшелігі, нақты тапсырмалармен айқын мақсаттар және жол құрылысының барлық Қазақстан жерін қамтылуы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және индустрия, энергетиканы, көлік ресурстары туралы айтылды.
   Бүгінгі Жолдауды  Елбасы «Нұрлы жол» деп атауы бекер емес, себебі еліміздің экономикасын өсіретін, астанамызды гүлдендіретін, жалпы халықтың жағдайын жақсартатын осы жолдау болып табылады. Елбасы жолдау арқылы, Қазақстанның барлық жоғарғы басшыларынан, төменгі басшыларына дейін нақты тапсырма беруге бұйрық берді. Ал оны қадағалайтын Үкімет және «Нұр Отан» партиясы экономикамыздың өсуіне ықпал етеді. Осы уақытқа дейін шиказатты алуда және сатуда түскен табысты ұттық қорға қалдырып отырды. Ендігі табысты жұмсаудың мүмкіндігі туды. 900 млрд. доллар 90 жобаны жүзеге асыруға,  250 млрд теңге несие қорына бөлінді, 29 млрд. тенге Астана әуе аэропортына,  жылу және су құбырына 100 млрд. тенге жыл сайын жіберіліп отырады. Себебі модернизация жүйесін жылдамдату үшін бағытталуы тиіс деп айтқан Елбасының сөзі ұнады. Жолдауда ауыл шаруашылығының 17%, жалпы ішкі өнім 4%, әуе байланысы 1,2 % пайызға өскендігі, еліміздің алдыға жылжығандығын көрсетеді.   
Елбасының бүгінгі Жолдауы «Нұрлы жол»  контрциклді сипат алады және құрылымдық  реформаны біздің елімізде жалғастырады. Сонымен бірге халықтың жалақысы түспейтінін сол деңгейде қалатыны туралы хабарлады.
Елбасының бүгінгі жолдауы көңілімнен шықты, еліміз мәңгі ел болып, Қазақстанымыз көркейіп, ұрпағымыз бақытты ғұмыр кешсін.
Тарих пәнінің мұғалімі А.Н.Казенова

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы