home home

Мұхамеджанова Нургуль Мейрамовна

Дәстүрлі жолдау халық көңілінен шықпақ
2014 жылы 11 қарашада Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауды жариялады.Мұнда айтылған мәселелер өте ауқымды да кең, мазмұны өте терең болды. Елбасының айтқан  мына сөздері халық көңілінен шықты деп ойлаймын: XXI ғасыр идеяның тұғыры болып саналады. Ұлттық идея Тәуелсіз елімізді нығайту. Мәңгілік  ел – елді біріктіруші күш. Барша Қазақстандықтардың ұлы құндылығы –отанды сүю, елді қадірлеу, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдыру. 2015 жылы ұлттық тарихты ұлықтау жылы болып саналады. Елдің біртұтастығы – бірлігі.
Елбасы сонымен қатар, ел экономикасының дамуына да баса назар аударды.
2017 жылдан бастап  417 темір жолдың салынуы, 2020 жылы жұмыспен қамтамасыз ету картасы тағайындалады.
Айтқан мына сөздер менің көңілімнен шықты: «Ресей мен батыс елдер арасындағы жағдайлар Қазақстанған  ықпалын тигізеді. Дағдарысқа қарсы шаралар қолдану, жаңа жылға дейін жолдауда не істеу керек екендігін халыққа түсіндіру, жалға берілетін баспана құрылысын салу тәжірибесін қайта қараған жөн. Бұл ресурстар көлік энергетика, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды  дамытуға бағытталатын болады». Міне, осындай құнды мәселелер туралы Елбасымыз халыққа өз Жолдауында негізгі міндеттерді қойды.
Елбасы  сөз соныңда Қазақстанды бірлікке, жұмылған жұдырықтай  болып,алға қарыштап қадам басуға шақырды.

Мұхамеджанова Нургуль Мейрамовна
 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы