home home

Ата-ана Мейрамова Бакытжан Султановна

«Нұрлы жол» - халық болашағы
11 қарашада Елбасының кезекті дәстүрлі жолдауы жарияланды. Бұл жолдауды тыңдағаннан кейін, халық болашағы үшін жасалғанын білдім. Қазақстан экономикасы дамуы үшін Елбасы барлық әкімдермен басшыларға тапсырма беріп, қыруар қаржы бөлінді. Атап айтсақ: 900 млрд. доллар 90 жобаны жүзеге асыруға,  250 млрд теңге несие қорына бөлінді, 29 млрд. тенге Астана әуе аэропортына,  жылу және су құбырына 100 млрд. тенге жыл сайын жіберіліп отырады. Себебі модернизация жүйесін жылдамдату үшін бағытталуы тиіс деп айтқан Елбасының сөзі ұнады. Жолдауда ауыл шаруашылығының 17%, жалпы ішкі өнім 4%, әуе байланысы 1,2 % пайызға өскендігі, еліміздің алдыға жылжығандығын көрсетеді.   
Қазақстан халқына үлкен міндет жүктелді, әсіресе барлық аймақтың әкімдеріне және басшыларына тапсырма берілді. Бұл жолдау басқа жолдаулардан ерекшелігі, нақты тапсырмалармен айқын мақсаттар және жол құрылысының барлық Қазақстан жерін қамтылуы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және индустрия, энергетиканы, көлік ресурстары туралы айтылды.
   Бүгінгі Жолдауды  Елбасы «Нұрлы жол» деп атауы бекер емес, себебі еліміздің экономикасын өсіретін, астанамызды гүлдендіретін, жалпы халықтың жағдайын жақсартатын осы жолдау болып табылады.
Елбасының бүгінгі жолдауы маған ұнады, еліміз аман болып,  ұрпағымыз бақытты ғұмыр кешсін.
№ 16 лицей-мектептің ата-ана: Мейрамова Бакытжан Султановна

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы