home home

ЖАҢА 2017 ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!

Құрметті әріптес!

    Біздің балаларымызға тәрбие мен білім беруге, олардың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық әлеуетін жан-жақты арттыруға қажетті жағдай жасауға бағытталған ынтымақтастық пен қажырлы еңбек жылы аяқталуға жақын.
    Бұл жыл белгілі мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығымен, облыстың құрылғанына 80 жыл толуымен ерекшеленді. Ең бастысы Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осы жылдар аралығында барлық қазақстандықтарды біріктіретін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы – азаматтық теңдіктің, еңбек сүйгіштіктің, әділдіктің, білімнің негізгі айбыны болып табылатын рухани құндылықтар қалыптасты.
2016 жыл бәріміз үшін жемісті жыл болды.
    Ынтымақтықпен атқарған қызметтің арқасында біз үштілділік, инклюзивті білім беру, электронды мектеп пен работотехника бойынша инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша республикалық тірек алаңына айналдық.
    Облыстың 65 мектебінде электронды сынып журналы және 50 мектепке Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі енгізілген. 50 мектеп пен 7 колледж үштілді білім беруді енгізу жұмыстарын бастады. 3 колледж базасында республикалық ресурстық-оқыту орталықтары, 2 балалар үйі базасында өмірдің қиын жағдайында қалған балаларға арналған қолдау орталықтары жұмыс істейді. Республикада алғашқы рет девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта жұмысшы мамандығы бойынша бейіндік курстар жүзеге асырылады.
    Облыстың мектеп түлектері ҰБТ жоғары нәтиже көрсеткендігін атап өтуге болады. Жалпы білім беру пәндерінің республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша біздің команда көшбасшылық деңгейде және үздік олимпиадалық команда болып табылады. 29 оқушы республикалық және халықаралық шығармашалық конкурстардың жеңімпаздары, 148-спорттың әр түрінен жүлделі орындарға ие болды. KazRoboSport-2016 республикалық чемпионатында біздің балалар бірінші орынды иеленді. Коллдеждердің 5 студенті «WorldSkills Kazahstan - 2016» Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары атанды және қазіргі таңда Қарағанды техника-құрылыс колледжінің студенті Швейцарияда халықаралық конкурсқа қатысуда. Теміртау политехникалық колледжі Индустриалдық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республиканың 10 үздік әріптес колледждері қатарына кірді.
    Осы жетістіктердің барлығы - Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі
    Жаңа жылдың келуі – ол тек жақсылықтарға үміт арту уақыты емес, өткенді сараптап, болашақты жоспарлау кезеңі. Бұл ең біріншіде әріптестерді, достарды және туған-туыстарды құттықтап, оларға ізгі ниетіңді білдіру.
    Құрметті әріптестер! Жаңа жылдың келуімен біздің шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар. Өтер жыл  табыстар мен жетістіктерін қалдырып, Жаңа жыл – армандарымызды орындап, бақыт пен қуаныш сыйласын!  Барлық бастамаларымыз бен үміттерімізге сәттілік серік болып, Сіздің шығармашылық идеяларыңызға айналып,  толағай табыс әкелсін. Сізге қызметіңізге табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік және ашық аспан тілеймін!

Қарағанды облысының
білім басқармасының басшысы
А.Аймағамбетов

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы