home home

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ

2014 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында республикамызда дәстүрлі түрде «Мектепке жол» акциясы өткізіледі.
Бұл жылы акцияның ұраны: «Балаларға жақсылық сыйла!»
Акцияның негізгі мақсаты мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Жыл сайын Қарағанды облысы бойынша акцияға барлық аудандық, қалалық білім беру бөлімдері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар, кәсіпорындар, меценаттар, БАҚ қатысады.
Акцияны өткізу барысында оқу жылының басына дайындық кезінде балаларға көмек көрсету бойынша түрлі іс-шараларды өткізу жоспарлануда: жалпыға білім беру бойынша айлықты өткізу, «Жұмыспен қамту», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтерін ұйымдастыру, аз қамытлған отбасыларға көмек ретінде заттарды, мектепке қажетті құрал-жабдықтарды қабылдау пункттерін ашу, төмендетілген бағалармен мектеп тауарларын сатуға кәсіпкерлермен бірге кең ауқымды мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастыру.
2014 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында білім басқармасы жанында азаматтардың жолданымдарына оперативті әрекет ету үшін «Жедел желі» ұйымдастырылады: 412281, 412288, 412243.
Білім басқармасының сайтында 2014 жылғы 10 тамыз – 20 қыркүйек  аралығында  халықтан сұрау және «Балаңыз мектепке дайын ба?» ақпараттық акциясы өткізіледі.
Жыл сайын аталған акция белсенді өткізілетін Абай, Жаңаарқа, Бұқаржырау, Қарқаралы, Нұра аудандары мен Қарағанды, Балқаш, Сәтпаев, Шахтинск, Теміртау қалаларына алғыс білдіреміз. Дәл осы өңірлерде педагогтар, мектеп әкімшілігі, аудандық және қалалық аудандар басшылары едәуір балаға көмек көрсететін демеушілерді көптеп қатыстырады.
Қорытынды баспасөз-конференциясында «Мектепке жол» акциясының аясында балаларға қайырымдылық көмек көрсеткен меценаттарға, демеушілерге құрмет көрсету ұйымдастырылады.
Үздік қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы мен қайырымдылығы үшін алғыс хаттар беріледі. 

Мұқтаж балаларға оқу жылының басына дайындалуға көмек көрсетуге тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз!


 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы