home home

Серпін жобасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекітілген жоспарына сәйкес 2014-2015 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік бағдарламасы аясында Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан 7 мамандық бойынша 170 талапкер қабылданды.
Студенттер жатақханамен, екі жаққа жол жүру ақысымен, тегін тамақпен,  сыртқы киіммен қамтамасыз етілген.
2015-2016 оқу жылында оңтүстік өңірлер жастарын оқыту үшін республикалық бюджеттен 175 орын қарастырылып, студенттерді 5 оқу орны базасында қабылданды. Ұсынылған мамандықтар тізбесіне  «Төтенше жағдайда қорғану», «Азаматтық ғимараттардың қайта өңдеу  дизайны» мамандықтары қосылды.
Қарағанды облысының білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен елдің оңтүстік және Маңғыстау облысы мектеп түлектері арасында аталған бағдарлама аясында кәсіптік бағдар беру, бұқаралық ақпараттық құралдардың көмегі арқылы 2015-2016 оқу жылына түсіндіру, ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілді.    
Облыстың техникалық және кәсптік білім беру мекемелерінде «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасының қатысушыларын жұмысқа орналастыру, орнықтыру және әлеуметтік қолдау бойынша төмендегі шаралар қолданылады: аумақтық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс, Қарағанды облысының құрылысшылар қауымдастығы, «Қарағанды  тұрғын үй құрылысы Корпорациясы» ЖШС, «№3 Автопарк» ЖШС, «Қазақстан Борусан Макина» ЖК сияқты ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара әрекеттесіп түлектерді жұмысқа орналастыру және өндірістік тәжірибеден өткізу туралы шарт жасау.
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастыратын бос орындар жәрмеңкелерінде оңтүстік және Маңғыстау өңірлерінен келген мамандарға аса көңіл бөлінентін болады.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы