home home

Дүниежүзілік Банкі

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» жобасының аясында колледждердің материалдық техникалық базасын күшейтуге бағытталған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің (Дүниежүзілік Банкі) қарызға берілген қаражаты есебінен, 2013 жылы 6 колледж Институционалды даму жоспарларын (ИДЖ) әзірлеу бойынша грант иегері болды. Институционалды дамыту колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталды. Орта есеппен әрбір колледж 380 мың АҚШ долларын алды.
2013-2014 жылы ИДЖ жүзеге асырылу кезеңінде 92 адам (директорлар, арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері) құзыретке негізделген модульды бағдарламаларды әзірлеу бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті, дуальды оқыту формасын енгізу тәжірибесін меңгерді, шетелде және Қазақстанда кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.
Жобаны ұзарту аясында, колледждерді ИДЖ мамандықтары бойынша ресурстық (оқулық) орталықтары ретінде дамыту мақсатында, 2014 жылы 3 колледж грант иегері болды. Орта есеппен әрбір колледж материалдық техникалық базасын күшейту және халықаралық тағылымдамадан өту үшін қосымша 220 мың АҚШ долларын алды. Колледж басшылар және инженер-педагогикалық кадрлар қатарынан 36 адам халықаралық тағылымдамадан өтті.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы