home home

Қарағанды облысының білім басқармасының «№ 3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ-нің директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Орналасқан орны(мекен-жайы): 100600, Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 77 үй;
Лауазымдық жалақысы


санаты

қызмет өткерген жылдарына  байланысты   лауазымдық  жалақысы (теңге)

бастап

дейін

G-4

60347

72204

Функционалдық  міндеттері:  Оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік , әкімшілік – шаруашылық және қаржы-экономикалық жұмыстарын қолданыстағы заңнамаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес, қабылданған шешімдердің салдарына толық жауапкершілікті өзіне ала отырып басқарады. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын,оқу процесінің кестесін, өзге де актілерді бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілер және демеушілермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу- материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер режимін және еңбекті қорғау ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейімен қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен  жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қоғамдық және өзге де ұйымдарда жоғары тұрған білім беру ұйымдарын таныстырады, қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
          Үміткерлерге  қойылатын  талаптар: білімі – жоғары, білім беру ұйымындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарында басшы лауазымда  еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс; мемлекеттік, ағылшын және түрік тілдерін білу.
Білуі қажет: Қазақстан  Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексі, «Білім  туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрес  туралы», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,  Заңдарын және аталмыш  санаттың  лауазымы бойынша  функционалдық  міндеттерді  атқару  үшін  қажетті  өзге  де  нормативтік –құқықтық актілерді білуі.
Конкурс Қазақстан Республикасының «Мемлекттік мүлік туралы» Заң, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 27-шы қыркүйектегі № 849 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесі» негізінде өткізіледі. 
Конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті құжаттар  осы  хабарландыру  бұқаралық  ақпарат құралдарының басылымдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік  күннің ішінде қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті  мәліметтерді мына мекен –жай бойынша білуге болады: 100008, Қарағанды қаласы, Ә. Әлиханов көшесі, 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 кабинет, анықтама  үшін  телефон: 41-22-42.

Қарағанды облысының  
білім  басқармасы

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы