home home

«Әлемді өзгертетін идеялар»

«Әлемді өзгертетін идеялар»
     100 нақты қадам Ұлт Жоспары – заманауи Қазақстанның даму бағытын анықтайтын басты мемлекеттік құжат. Елбасымыз ұсынған бес реформа еліміз, халқымыз өмірінің мынадай аса маңызды салаларын қамтиды.
1.Заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
2.Заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
3.Индустрияландыру және экономикалық өсу;
4.Біртұтас болашақ ұлттары;
5.Транспарентті есеп беретін мемлекет.
    Әрбір істелген жұмыс бізді «Қазақстан 2050» стратегиясын орындауға жақындата түседі. Қазақстандық қоғамның аса белсенді болашаққа бағытталған бөлігі ретінде жастарға айрықша рөл берілген. Сондықтан да 2016 жылдың 10-11 наурызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы кітапханасына бару, соның ішінде «Әлемді өзгертетін идеялар» тренингі 9-10-сынып оқушылары үшін Ұлт Жоспарының ақпараттық түсіндірілуін қамтамасыз етті. Бағдарлама белгілі ғылым қайраткерлерінің 100 нақты қадам Ұлт Жоспарын түсіндіру мақсатында оқылған дәрістерін, сонымен бірге  институционалдық реформалар бойынша практикалық сабақтарды қамтыды.
    Семинарға қатысқан оқушылар – түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары. Екі күн ішінде олар Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайына, «Астана опера» театрына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайына барып, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінің баға жетпес құжаттары мен бұйымдарын көру мүмкіндігіне ие болды.     
    Семинар-тренингке барғандардың бәрі сертификаттар алды және кітапхана басшылығы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Семинардың жабылуында «Мұрагер» ММИ оқушысы Шәбденова Айжан аталған іс-шара құрметіне өзі шығарған өлеңін оқып берді, осы өлең Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы кітапханасының бір залына қойылатын болды.
   Мен, тәуелсіз егемен елдің ертеңгі болашағына қол созған, асыл армандарымды көңілімнің көкжиегінде әлдилеген бүгінгі заман ұрпағымын!
Өлеңнiң cөз маржaның терейiнші,
Aлқадан cөз бaстап бiр берeйінші,
Қaзақтың мың тoлғаған күйi бoлып,
Қoбыз бoп құлaқтарғa eнейіші.
Aсқарына ту тігіп, аспанына,
Ойып жазды даналық тастарына.
Алты алаштың кемеңгер күллі жұрты
Тойлап жатыр хандығын ақтарыла.
Көз салып кереге мен кеңдігіне,
Сүйсіндім ғасырлардан ерлігіңе.
Жетіспеген, жетпеген замандарды
«Мәңгілік ел» ақ таңы жеңді, міне!
Нұрлы жoлмeн біз aлысқа бaрамыз,
Дaму үшiн бiрліктен қуaт тaбамыз.
Тoныкөк aбыз кeткендей aйтып өсиeт,
«Қaзақ елi – Мәңгiлік eл» бoлып қaлaмыз!
Қазағым лепірмеген мақтағанға,
Дұшпаны суға салса батпаған да,
«Қазақ елі – Мәңгілік ел» ұранымен
Жастарым көш бастады аттап алға.
Желбіреп көк байрағым, шырқалып әнұраным
Кемелденген ел алдына озып шығу – асқақтаған арманым
Болашағы елімнің мен боламын!
Бағындырар асуын Хантәңірдей шыңдардың!
    Оқушылар өз көргендері мен естігендерінен алған әсерлерін мектепте өз құрбы-достарына әңгімелеп беріп, өз құрдастарын әлемді өзгертетін идеяларды өз деңгейінде іске асыруға шақырады. Осылайша көрген көп игілікті іске асыруға өз үлестерін қосатын болады.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы