home home

IХ Президенттік олимпиаданың кашықтық кезеңі туралы ақпарат

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің  «Жаратылыстану - математика пәндерінен Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» 08.08.2014 № 340 бұйрығы  негізінде  2016-2017  оқу  жылында  жаратылыстану- математика пәндерінен  IХ Президенттік олимпиада   үш кезеңде өткізіледі.
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатындабірінші аймақтық кезеңге 158 оқушы қатысып, 20 оқушы жақсы көрсеткішпен  келесі онлайн- турға жолдама алды. Осы оқушыларға бейінді мектептің дайындық және эссе жазуға дағдыландыру  сабақтары өткізілді.
Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде 2016 жылы 11 қарашада сағат-10-да онлайн-режимде қашықтық турына  жолдама алған 20 оқушы қатысты.Қарағанды, Теміртау қалаларынан  4 оқушыдан, Жезқазған № 3 қазақ –түрік лицейі мен Нұрмақов  атындағы  мамандандырылған мектеп-интернатынан 3 оқушыдан,Балқаш,Жезқазған, Саран қалаларынан, Қарағанды қаласының № 1 қазақ –түрік лицейінен, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатынан, Жаңарқа  ауданынан 1 оқушыданқатысып өз білім деңгейлерін сынады.
Қашықтық кезең екі турдан тұрады, бірінші  туры тест түрінде өткізіледі, екінші турда эссе жазылады. Қатысушылар 4 пәннен: математикадан, физикадан,химиядан, биологиядан 10 тапсырмадан орындайды (40 тапсырма).Тапсырмалар орындауға 120 мин , эссе  жазуға  45 мин.  беріледі.
Ең жоғары балл жинаған оқушылар келесі  үшінші қорытынды кезеңге жіберіледі. IХПрезиденттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 2016 жылы 23-26 қарашада Теміртау қаласында өтеді.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы