home home

Баспасөз релизі

«Қазақстан -2030 стратегиясында Қазақстан дамуының әлеуметтік модельдері» атты оқушылардың республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңі келесі бағыттарда өтеді:
- «Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық  өсудің негізгі буыны»;
- «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық  модельдеу»;
- «Таза табиғи орта- Қазақстан 2030» стратегиясын іске асырудың негізі»;
- «Қазақстан тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары».
2016 жылдың 15 қыркүйегінде  Республикалық ғылыми- практикалық  «Дарын» орталығының саитына  Қарағанды облысы оқушыларынан  1315 ғылыми жоба    тіркелді.
Конкурстың облыстық іріктеу кезеңінде 846 оқушының 708 ғылыми жобасы  қаралып, тексерілді. 
Жыл сайын өтетін  конкурсқа биыл өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, биыл бірінші рет  конкурсқа келіп түскен жұмыстар антиплагиат бағдарламасы арқылы тексерістен өтті. Аталмыш жұмыстың нәтижесін талқылау үшін Қарағанды облысының білім басқармасында мамандармен, жоғары оқу орындары ғалымдарының қатысуымен арнайы дөңгелек үстел  өткізілді. Дөңгелек  үстелде антилагиаттан өткен жұмыстардың 51% жаңашылдығы барын келесі облыстық кезеңде қорғауына жіберуге шешім қабылдады.
Облыстық кезеңге 276 ғылыми жоба, 338 оқушы  жіберілді.   (2015ж -355  ғылыми жоба, 445 оқушы қатысуымен).
Конкурстың облыстық кезеңі 2016 жылғы 30 қарашада Жамбыл ат. мамандандырылған мектеп- интернатында өткізіледі (  Майкұдұк,12 шағын аудан, № 3 үй)

Анықтама телефоны: 420787, 413404,  АҒПО «Сарыарқа дарыны»
 


 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы