home home

Ақпараттандыру

2017 жылы аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің ақпараты бойынша 2110 адамды оқытуға 3 419 000 теңге бөлінген. Жоспарланған курстан барлық қатысушылар өтті.

Сонымен қатар 2017 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ мен Білім басқармасы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандум жасалды. Аталған ынтымақтастықтың мақсаты: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ жұмысын ел арасында танымал ету, мемлекеттік қызмет көрсету саласында орын алған өзгерістермен таныстыру, орта білім беру түлектерінің білімін арттыру, электронды мемлекеттік қызметтерді алу болып табылады.

Орта білім беру ұйымдары түлектерінің сауаттылығын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметті электронды формада алу және «ҚР Электронды Үкіметі» порталын танымал ету  шеңберінде  «ҚР Электронды Үкіметі» порталының мобильдік қосымшасына облыстың білім беру ұйымдарының 5077 түлегі оқытылды.

Облыстық білім беру ұйымдарының оқушыларын Порталды пайдалану арқылы қажет мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу дағдыларына, сондай-ақ кестеге сәйкес Порталдың мобильді қосымшасына үйрету үшін басқарма мамандарының жүргізген іс-шараларының жалпы саны – 183.

Мектеп оқушыларының компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 5-11 сынып оқушыларына арналған компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасын жаңартуда. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін «Ақпараттық технологиялар» пәнін енгізу жоспарланған.

Аталған пәнді жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасы жүйелі түрде жаңартып отырады 2017 жылы 5 мың компьютер сатып алынды.Оқушылардың сандық білім беру ресурстарына қолжетімділігі үшін ғаламтор желісіне қосылған мектептердің үлесі 2017 жылы 97% құрады.2018 жылы бұл көрсеткішті 100% дейін жеткізу жоспарланған.

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде 2018 жылы Қарағанды облысы тұрғындарын оқыту үшін білім бөлімдері сандық сауаттылықты арттыру курстарын өткізу жоспарлаған Жаңаарқа ауданында 2160 адамды қамтып, Нұра ауданында 50 адамды қамтып.  Сонымен қатар Балқаш қаласында 1515 адамды оқытуға 2 819 мың теңге, Шахтинск қаласында 450 адамды оқытуға 691 мың теңге,  Сатпаев қаласында 45 адамды оқытуға 88 мың теңге, Жезқазған қаласында 532 адамды, Саран қаласында 450 адамды оқытуға 710 мың теңге бөлінген.

16 мен 64 жас аралығындағы барлық әлеуметтік категориядан қызығушылық білдірген тұлғаларды да оқумен қамту жоспарланған.

Қазіргі кезде аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мәліметтері бойынша, анықталмаған аудандарда 2018 жылға қарай халықтың сандық сауаттылығын арттыру жөніндегі бюджеттік өтінім қалыптастырылуда немесе қарастырылуда.

Сонымен қатар, «Білімал. Электронды мектеп» ақпараттық жүйесін енгізу шеңберінде 2016-2017 жылдар аралығында оқытудан 500 мұғалім өткен. 2018 жылдың басынан бастап облыстың 100-ден астам мұғалімі оқудан өтті.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы