home home

ТжКБ жүйесі туралы

 «Қазақстан–2050» Стратегиясында ел Президенті – ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кадрларды дайындау және қайта дайындау мәселелерін Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына кіру процесінің аса маңызды басымдылығының бірі ретінде қарады.
Қарағанды облысы елдің ірі индустриялық–өнеркәсіптік аймағының бірі болып табылады. Экономиканы индустриялық–инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында заманауи еңбек нарығы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау маңызды.
Техникалық және кәсіптік білім жүйесі (бұдан әрі – ТжКБ) облысымыздың білім беру ұйымдарының 70–ін қамтиды (9–ауылды мекендерде), оның ішінде 44–мемлекеттік (3–медициналық) және 26 – жеке меншік.
Колледждегі дайындық 15 сала, 111 мамандық, 197 біліктілік бойынша жүргізіледі. Оның ішінде 52 % – техникалық және технологиялық, 22 % – гуманитарлық, 17,7 % – сервис, экономика, басқару, 8,3% – медициналық мамандықтар.
Мамандарды дайындау 6 колледжде (8%) мемлекеттік тілде, 9 колледжде (12%) – орыс тілінде, 56 колледжде (80%)  – екі тілде жүргізіледі.
Облыс бойынша ТжКБ беру ұйымдарында барлығы 4 169 инженерлік–педагогикалық кадрлар қызмет атқарады.
2014 жылмен салыстырғанда білім алушылардың жалпы контингенті 47 491–ден 43 612 стундентке қысқарды (8,2% төмендеген), сонымен қатар жеке меншік колледждерде 17 268–ден 15 668 студентке қысқарған (9,3% төмендеген). Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар саны  23 616–дан 23 206–ға дейін азайды (1,8% төмендеген).
2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы колледжге қабылдау 6,5%–ға, 15 424–тен 14 435–ке, оның ішінде жеке меншік колледждерде 12,3%–ға – 5 884–тен 5 163–ке дейін қысқарған. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау 7 923–тен 7 899 білім алушыға қысқарды (0,4%–ға төмендеген), дегенмен жеке меншік колледждерде 1 152–ден 1 215–ке дейін артты (5,2%–ға артқан).
2014 жылмен салыстырғанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері 1,4%–ға қысқарды: 16 358–ден 14 942–ге, алайда, мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірушілер саны 6 554–тен 6 857–ге дейін артты (4,4%). Жеке меншік колледждердегі бітірушілер саны 6 477–ден 5 662–ге, яғни 12,6%–ға қысқарған, дегенмен мемлекеттік тапсырыс бойынша 35 %–ға, яғни 771–ден 1 186 білім алушыға артты.
2014 жылмен салыстырғанда бітірушілерді еңбекпен қамту көрсеткіші 77,8%–дан 78%–ға артты.
Білікті кадрларды дайындау және колледж бітірушілерінің жұмыспен қамтылуының көрсеткішін арттыру мақсатында дуальды білім беру жүйесі енгізілген. Аталған технологияны табысты енгізген колледждер саны соңғы 4 жылда 29–ға дейін артып, оқу мекемелерінің жалпы санының 40%–ын құрайды.
Дуальды оқыту экономиканың келесі салаларының 30 мамандығы бойынша енгізілген: көліктік, кен қазу, тамақтандыру, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, сервис, энергетика, байланыс, полимер өндірісінің технологиясы. Берілген жүйенің басымдылығы әр түлек мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына кепілдік және өндірісте өз білімін іске асыру үшін жағдай жасау болып табылады.
Дуальды жүйе бойынша 2014–2015 оқу жылында 12 колледжден 364 түлек бітіріп шықты. Жұмысқа орналасу көрсеткіші 80,2% құрады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан–2050» Стратегиясы Жолдауында атап өткендей, «білім мен кәсіби дағды – білім беру, кадрларды дайындау және қайта дайындаудың заманауи жүйесінің негізгі бағыты».


 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы