home home

Қарағанды облысының техниалық және кәсіптік білім беру жүйесі

Бүгінгі таңда облысымыздың техниалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар дайындау 73 колледжде 15 салаға бағытталған 111 мамандықтың 197 біліктілігі бойынша (47 мемлекеттік, 25 –жеке меншік, ауылдық жерлерде 9 мемлекеттік колледж орналасқан) жүзеге асырылуда. 73 оқу орнының 9-ы ауылдық жерде орналасқан.   

Колледже оқитын студенттер санының жыл сайын азаю (колледж студенттері санының азаюы еліміздің барлық аймақтарында тіркелген)  беталысы байқалады. Соңғы үш жылда білім алушылар саны 7,6%-ға қысқарып, 40 280 адамды құрады, (2014-2015 оқу жылында – 47 794 адам, 2015-2016 оқу жылында- 43 612, 2016-2017 оқу жылында – 41 561 адам), оның 12 129 адамы (30%) жұмысшы біліктіліктер бойынша білім алады, күндізгі бөлімде 34 260 адам оқиды (85%).

Бұл жағдайға демографиялық тред те, сонымен қатар, қоғамдық артықшылықтың өзгеруі, атап айтқанда білім беру бағытының жоғарғы оқу орындарының пайдасына ауысуы ықпал етедуде.

Ерекше алаңдатушылықты аймақтағы, әсіресе ауылшаруашылық бейіндегі (профильді) колледждер орналасқан кішігірім аудандардағы демографиялық жағдай туындатуда.

Жалпы алғанда, техникалық және кәсіптік білім берумен типтік жастағы (14-24 жас) жастардың 18,4% қамтылған және республикалық көрсеткіштен 1,9%-ға жоғары.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 22 674 адам (56%), ақылы оқу негізінде 17 604 (44%) оқып жатыр.

Бүгінгі таңда, колледжде жетім балалар және ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар санатындағы 1005 студент білім алуда.

Биыл колледждерде түрлі бағыттағы жаңа мамандықтар ашылды: 1405000 Лифт шаруашылығы және эскалаторлар, 0914000 Энергоаудит, 1001000 Домна пешіне қызмет көрсету және жөндеу,  0817000 Коксохимиялық өндіріс, 1205000 Әуе транспортының қозғалысын басқару және пайдалану, 0509000 Аяқ киім ісі..  

«Тегін кәсіптік және техникалық білім беру» жобасының аясында 2017-2018 оқу жылына 6025 орыны жұмысшы кәсібін тағайындайтын мамандықтарға бағытталған 7600 орын қарастырылып, іс жүзінде 7117 адам қабылданды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Өнімді жұмысты және көпшілік кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында 700  адамқабылданды.

Жоғарғы оқу орындарына түсуге жаңа шарттар енгізілуіне байланысты, оқушылардың басым көбі ЖОО түсуді көздегендіктен оқуын мектепте жалғастыруда, ол жоспардың орындалмауы салдарына себеп болды. Сондай-ақ, талапкерлер санының толмауы тұрғындардың көші-қонынада байланысты (мектеп түлектерінің санатынан елден сыртқа кеткердер саны 2014 жылы -79 адам, 2015- жылы -114 адам, 2016 жылы -244 адам).

2016 жылмен салыстырғанда мектеп түлектерінің саны 6%-ға: 13518-ден 12662 адамға дейін азайған.

Түлектердің жалпы жұмыспен қатылуы 78% құрайды, республикалық көрсеткіштен 8,4%-ға жоғары.

ЗТМО мәліметі бойынша біздің облыс республикада 76,4%-бен көшбасшылар қатарындамыз (2017 жылдың 1-желтоқсандағы жағдай бойынша).

2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беруде республиканың 16 аймағының арасында бірінші орынды иеленді.

Бүгінде облыста жатақханадағы орындармен қамтатамыз ету 94%-ды құрап, 378 орын қажеттілік етеді. Соңғы үш жылда бос ғимараттар мен аумақтарды қайта құры нәтижесінде жатақханаларда 305 орын қолданысқа берілді. Проблема: қаладан тыс жерден келген білім алушылар үшін заманау нормаларға сай жағдай жасау мәселесі толық қанды шешілген жоқ.

Бүгінгі таңда облыста 2 колледж (Қарағанды техникалық құрылыс колледжі, Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі) инклюзивтік білім берудің эксперименталдық алаңы болып табылады.

Аймақтағы 65 колледжінде мүгедек балалар мен ерекше білім беру қажеттілігін талап ететін тұлғалар санатындағы 375 адам білім алуда.

Мониторингт мәліметіне сәйкес мүгедек балалар мен ерекше білім беру қажеттілікті талап ететін тұлғаларды дайындауда аса сұранысқа ие бағытар: педагогикалық білім, дизайн, сәндік-қолданбалы өнер, ақпараттық жүйелер, құрылыс, тігінші, аспазшы мамандықтары болып табылады.

Арнайы ұйымдардың түлектері және есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты мен ақыл-есінің дамуы бұзылған мүгедек балалар үшін облыстың 3 колледжінде «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану", "Орман шаруашылығы, саябақ және ландшафтық құрылыс", «Сәндік-қолданбалы өнер» және Аяқ киім ісі» мамандықтары ашылды.

Аталмыш бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың белгілі бір тәжірибесі, есту қабілеті бұзылған мүгедек балаларды «Сәндік-қолданбалы өнер және ұлттық кәсіп» мамандығы бойынша сурдоаударманы қолдану арқылы оқыту ісін бастаған Қарағанды техникалық құрылыс колледжінде жүйеленген.

Мүгедектігі бар жастардың басым көбі кәсіптік білімді қатардағы колледждерде алатындықтан, аталмыш оқу орындарында арнайы жағдай жасау жөніндегі мәселе туындайды (пандустар, көтергіштер, дыбыстық белгілер, бағдаршамдарды қайталайтын түсті белгілер орнату және т.б.). Осы жәйт, қашықтықтан оқөыту технологиясын енгізуді, сонымен қатар , колледждің инженерлі-педагогикалық кадрын ерекше білім беру қажеттілігін  талап ететін студенттермен жұмыстеуге қайта дайындауды көздейді.

Дуалдық білім беруді енгізген колледждер саны 33-тен 40-қа дейін артты, техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық бағыттағы колледждердің саны 70,2%, (республикалық көрсеткіш -68%). Аталмыш оқу орындарында оқушы саны 1619 адамды құрайтын көлік, кен-байту, тамақтану саласы, ауылшаруашылық, құрылыс, жеңіл өнеркәсібі, сервис, энергетика және байланыс саласының 36 мамандығы бойынша мамандар дайындау жүзеге асырылады.

2017 жылы оқытудың дуалдық жүйесі бойынша жұмыспен қамту үлесі 84%-ды (жұмыспен қамтудың жалпы үлесі -78%) құрады.

Германия қоғамымен өзара келісім аясында, Дармштадт қаласында Германияның энергетика және ақпараттық технологиялар колледжі мен «Теміртау политехникалық колледжі» КМҚК арасында әріптестік хаттамасына қол қрйылды.

2017 жылдың наурызында Теміртау политехникалық колледжінің қызметкерлері мен студенттерінің Германияның энергетика және ақпараттық технологиялар кәсіптік оқу орнына (Дармштадт қаласы) тәржірибе алмасу тағылымдамасына бару сапары ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың маусым айында Германиядан 3 қызметкер мен 2 студент жұмыстық іссапармен келіп, кездесу барысында «Электровелосипед» бірлескен оқу жобасы жүзеге асырылды.

2017 жылдың қараша айында колледж өкілдері оқу орнының басшысының басшылығымен дуалдық жүйемен, білім беру процесін цифрлендірумен танысуға, болашақ жобаларды талқылауға, кәсібі ұқсас колледждермен, кәсіпорындар жанындағы, сауда-өнеркәсіптік және қолөнер палаталарындағы оқу орталықтарымен танысу мақсатында тағыда Германияға іссапармен бару жоспарлануда.

Мемлекеттің индустриалдық инновациялық даму бағдарламасы аясында Теміртау политехникалық колледжінде 2016 жылдың қыркүйгінен бастап каюрларды дайындау шетелдік серіктестермен бірлесіп әзірленген жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жүргізілуде.

«Кәсіпқор» Холдингі Теміртау политехникалық колледжінің шеберханалары мен зертханаларын РБ-тен 200,0 млн. теңге соммасында жаманауи жабдықтармен жабдықтау жоспарлауда.

Тұтастай алғанда, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңартылған білім мазмұнына көшуде. Эксперименталдық тәртіпте «Кәсіпқор» Холдингінің және «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасының модульдік білім беру бағдарламалары енгізілді.

2017 жылы Қарағанды облысы Турин процесінің 3 пилоттық аймағының санатына енді.

Турин процесіне қатысудың негізгі маңызды бағыттары: ТжәнеКББ негізгі индикаторларын талдау, индикаторлар негізінде процесті мониторингтеу, саясатын әзірлеу, балау және алдыңғы қатарлы тәжірибе үлгілерін тарату, мүдделі тараптардың барлық топтарының белсенді қатысуы, әдіснамалық құралдарды әзірлеу болып табылады.

 9 колледж (5 мемлекеттік, 4 жекеменшік) 15 мамандық бойынша аккредитациядан өтті, сонымен қатар, ТжәнеКББ 4 оқу орыны 6 мамандық бойынша өтткізу жұмысы атқарылуда.

2 колледж қолданбалы бакалавриат енгізіп, жоғарғы колледж мәртебесін иеленді. Тағыда 3 колледж аталмыш мәртебені алу бойынша жұмыс атқаруда.

2016 жылдан бастап «Қарағанды облысы колледждері  студенттерінің кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту» жобасы жүзеге асырылуда, мақсаты – бизнестегі озық идеялар мен инновациялық шешімдерді қолдау мен жүзеге асыруға жағдай жасау.

Кәсіпкерлік негізін оқыту мақсатында оқу жоспарларына факультативтік курстар енгізіліп, кәсіпкерлердің аймақтық палатасымен бірлесіп «Кәсіпкерлер клубы» құрылып, 23 бизнес-мектептер ашылды.

5 педагогикалық колледждің базасында үш тілді меңгерген бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау басталып, 2 политехникалық колледж базасында үлтілді білім беруді дамыту кафедралары ашылды.

12 колледжде сервис саласының үштілді мамандарын дайындау бойынша факультативтік курстар енгізілді.

Бір жыл ішінде педагогтар ағылшын тілін үйрену мақсатында  4 және 7 айлық тіл курстарына жіберілді. Сонымен қатар, студенттер үшін ағылшын тілін үйренудің тегін курстары ұйымдастырылды.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жоба шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша 4 колледжде 131 студент оқиды, олардың ішінде 50 студент 2016-2017 оқу жылында қабылданды. 

Түлектердің болжалды саны 2018 жылы 89 адамды, 2019 жылы – 42 адамды құрайды.

«Абай көпсалалы колледжі» КМҚК  -12 адам; (12 адам бітірді)

«Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ - 29 адам; (29 адам бітірді)

«Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі» ЖМ - 12 адам;

«Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖМ - 78 адам; (50 адам бітірді)

2017 жылы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде түлектердің саны 120 адамды құрады.

«Темиртау политехникалық колледжі» КМҚК -25 адам;

«Қарағанды политехникалық колледжі» КМҚК- 20 адам;

«Абай көпсалалы колледжі» КМҚК -16 адам;

«Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ - 35 адам;

«Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі» ЖМ - 24 адам

Жоба түлектерінің жалпы санынан жұмысқа орналастырылды - 56,7% (68 адам), оқуды жалғастырды – 22,5% (27 адам), қарулы күштер қатарына шақырылды – 8,3% (10 адам), ҚР шекарасынан тыс кетіп қалды – 1,7% (2 адам), бала күтіміне байланысты демалыста – 8,3% (10 адам). Жұмысқа орналастырылуға жататындар - 3 адам немесе 2,5%.

Жалпы алғанда жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналастырылған Жоба түлектерінің үлесі 97,5% құрайды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында 11 құзыреттілік бойынша "WorldSkills Қарағанды" аймақтық чемпионаты өткізілді: «Дизайн және киімді модельдеу», «Дәнекерлеу технологиялары», «Аспаздық іс», «Веб-дизайн», «Графикалық дизайн», «Слесірлік іс», «кірпіш қалау», «Құрғақ құрылыс және сылау жұмыстары», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Плиткамен қаптау» және «Шаштараз шеберлігі». Бүгінгі таңда бұл қозғалысқа 46 ТжКББ-дің оқу орыны кірді. 2017 жылдың мамыр айында Астана қаласында Қарағанды облысы атынан 8 колледжден 18 қатысушы және 5 сарапшы қатысқан "WorldSkills Қазақстан" ІІІ Ұлттық чемпионаты өтті. Қорытындылар бойынша облыс құрамасы 3 алтын медаль,  (облицовка плиткой, бетонные работы, ресторанное дело), 3 күміс медаль (мехатроника, графический дизайн, кровельные работы), 4 қола медаль (слесарная работа, автомобильные технологии и обслуживание легковых автомобилей, сухое строительство и штукатурные работы, поварское дело) жеңіп алды. Қазақстан ұлттық құрама құрамына Абу-Даби қаласында өткен WorldSkills - 2017 әлемдік чемпионатына қатысқан Қарағанды техника-құрылыс колледжінің студенті кірді.

       WorldSkills ұлттық чемпионатының шеңберінде Астана қаласында мүгедектігі бар адамдарға арнлған «Аbilimpics» және мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Deafskills» жарыстары өткізілді, мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар облыстан 14 студент қатысты. Колледж студенттері көркем керамика, терімен, витраждық бояулармен, жүнмен жұмыс жасау, бисермен тоқу, ағашта көркем керітпелеу құзыреттіліктері бойынша қатысып теріден, ағаштан, саздан бұйымдарды дайындауда өздерінің шеберліктерін көрсетті.

       Ағымдағы жылдың мамыр айында Қарағанды техника-құрылыс колледжінің студенттері мүгедектігі бар адамдарға арналған «Аbilimpics-2017» III Мәскеу Чемпионатына қатысты, оның қорытындылары бойынша біздің студенттер получили Мәскеуге Ұлттық чемпионатқа және Абу-Даби қаласына Халықаралық чемпионатқа шақыру алған.

       2017 жылы колледждер базасында 6 құзыреттілік орталықтары құрылды. Ол үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 22 млн. тг. бөлінді. Әр құзыреттілік орталығында WorldSkills стандарттары бойынша ұлттық және халықаралық чемпионаттарға облыстық құраманы дайындау үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында мамандықтар бойынша заманауи жабдықтар сатып алынды. WorldSkills кәсіби шеберлік бойынша ұлттық чемпионаттың жеңімпаздары атанған балалардың көбісі – осы колледждекрдің студенттері болып табылады. Өндірістің түрлі салаларына жаңа инновациялық технологияларды енгізу колледждердің материалдық базаларының дамуын талап етеді.

       Мәселе: бірқатар колледждердің материалдық-техникалық базасы кадрларды дайындау сапасын қамтамасыз етепейді. Заманауи оқу жабдықтарымен жабдықталған мемлекеттік колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларының, зертханалардың және арнайы пәндер кабинеттерінің үлесі 41,7% құрайды.

3 колледж базасында республикалық оқу орталықтары қызмет етеді. Сонымен қатар, 8 оқу орталықтары облыстың үздік колледждерінің базаларында құрылды.

Мысал ретінде, көлік және коммуникация салалары үшін кадрларды дайындау және біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Evonik неміс компаниясымен және Белорус Республикасымен бірлесе отырып Теміртау политехникалық колледжінің базасында заманауи оқу орталығының құрылуын көрсетуге болады.

2016 жылы колледждердің оқу орталықтарының базаларында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша 469 адам оқудан өтті. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде 500-ден астам адамды даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыс жүргізіліп отыр.  

2015 жылы мақсаты студенттік жастарға қатысты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда бірлікті және тұтастықты қамтамасыз ету, жастардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі билеу дағдыларын иелену болып табылатын «Жігер» жастардың студенттік қозғалысы құрылды. Жалпы қамтылуы 20 мыңнан астам адамды құрайды.

Алға қойылған мақсатқа және міндеттерге қол жеткізу үшін 2016-2017 жылы іс-шаралар кешені жүзеге асырылды, оның ішінде негізгі міндеті студенттердің көпшілігін кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерн дамытуға тарту болып табылатын жастар форумдарын өткізу.2017 жылдың ақпан айында өзінің алаңында 250 – ден астам облыс колледждерінің өкілдерін қосқан «Жігер» жастардың студенттік қозғалысының ІII облыстық жастар форумы өтті.

Ерте бағдарлау негізінде үздіксіз білім беру моделі жүзеге асырылып отыр, оның шеңберінде 7-9 сыныптардың оқушыларына арналған 78 мамандық бойынша кәсіби сынама бағдарламалары әзірленді.

Колледждерде кәсіби бағдар кабинеттерін ашу бойынша жұмыс жалғастырылып отыр. Бүгінгі күнде колледждердің базасында кәсіби бағдарлаудың 45 кабинеті ашылды, бұл ТжКББ оқу орындарының жалпы санынан 52 % құрайды.

2016 жылдан бастап колледждер арасында «Кәсіби бағдарлаудың үздік кабинеті» байқауы өтеді.

2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың аяғы бойынша ТжКБ студенттерінің арасында қылмыс пен құқық бұзушылық санының 11 % артуы тіркелді (2016 жылдың 9 айы- 55, 2017 жылдың 9 айы - 65). Профилактикалық есепке 195 оқушы алынған (2016 ж. – 208 адам).

Қылмыс санының көбі  «Тау-кен-металлургиялық колледжі» КММ (6), «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ (5), «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ (6) студенттерімен жасалды.

Суицидтің алдын алу мәселесі ерекше бақылауға алынған. Талдау 01 қазан жағдайы бойынша колледж оқушыларының арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының саны 5-ке жеткенін көрсетті, олардың ішінде өліммен аяқталған – 1 (2016 жылдың 9 айы бойынша барлығы -9, олардың ішінде өліммен аяқталған - 3). Суицид бойынша 37% төмендеу болып жатқанын атап өту қажет . 

Қарағанды облысының колледж оқушыларының арасында діни экстремизм жағдайын талдау 2017 жылғы 01 қазан жағдайы бойынша дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанып жатқан студенттердің саны 100 адамды қүрайтынын көрсетті (2016 жылы – 99 адам).

Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушы студенттерінің көбісі «Экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖМ -11 студент, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ және «Сәтпаев индустриалды колледжі» КММ - 8 студенттен оқиды.

Жылдың басында облыстың ТжКББ жүйесі дамуының басым бағыттары бойынша нақты міндеттер белгіленген 2017 жылға арналған бөлімнің жұмыс жоспары бекітілген болатын.

Бүгінде, жұмыс жоспарын жүзеге асыру барысында жоспарланған іс-шаралардың бір бөлігі орындалған болатын.

ББжҒДМБ жүзеге асырудың жүргізілген мониторингінің қорытындылары іс-шаралардың негізгі тізбесінің орындалуын дәлелдейді.

Білім беру және ғылым дамуының мемлекеттік бағдарламасымен ТжКББ жүйесі бойынша 1 мақсатты индикатор, 9 көрсеткіш анықталды.

Жеке көрсеткіштер алға кетумен орындалуда. Кейбір бағыттар бойынша әлі де сұрақтар бар.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың толық бірігуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кедергісіз ортаны құру мәселелері толық шешілген жоқ (пандустарды, көтергіштерді, бағдаршамның жарықтық сигналдарын қайталайтын дыбысты сигналдарды және т.б. орнату көзделуде).

Біз көрсеткіштің жоспарлы мәніне қол жеткіздік. Алайда, шынында, әрекеттегі жағдайлардың сапасы ТжККБ объектілеріне кедергісіз қол жеткізу үшін қажетті талаптарға сәйкес келмейді.

Бірқатар күрделі мәселелер:

- бірқатар колледждерде заманауи талаптарға жауап беретін жабдықтардың жоқтығы;

- кейбір кәсіпорындардың серіктестікке дайын еместігі салдарынан оқушылардың өндірістік іс-тәжірибеден өтуі күрделі сұрақ болып отыр;

- заманауи нормаларға жауап беретін жатақханалардың жетіспеушілігі.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы