home home

Әлеуметтік серіктестік

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесінде 70 оқу орны қызмет етеді.
ТжКБ оқу мекемелерімен оқу мекемелерінің күндізгі бөлімінің 18 448 студентінің өндірістік тәжірибеден өтуін көздейтін кадрларды дайындаудағы ынтымақтастық туралы 1 814 келісім-шарт бекітілген.
Дуальды оқыту аясында қазіргі уақытта 29 колледж (оқу мекемелерінің жалпы санының 40%) 170 келісім-шарт аясында 1448 студентті қамтумен 146 кәсіпорында (оның ішінде 3-еуі шетелдікі) 30 мамандық бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 127 төртжақты келісім-шарт білім басқармасы, аймақтық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпорындар және колледждер арасында бекітілген. Облыс кәсіпорындарымен кәсіптік тәжірбиеден өту үшін арналған 149 ақылы жұмыс орындары ұсынылды.
Колледждердің негізгі әлеуметтік серіктестіктері «№3 автобус паркі» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Жайрем тау-кен-байыту комбинаты» АҚ, «KEGOK» АҚ, «Борусан Макина Қазақстан» ЖК, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және тағы да басқа ірі кәсіпорындар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамы арасындағы келісім негізінде, Қазақстан экономикасының қажеттілігін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасында  дуальды оқытудың принциптерін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасында дуальды оқытуды енгізу негізі Назарбаев–Меркель үкіметаралық бастамасы болып саналады.
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап GIZ–бен өзара іс-қимыл аясында қазақстандық білімге бейімделген неміс кәсіби стандарттарының негізінде жаңа біліктіліктер бойынша бағдарламаларды апробациялау және сол бойынша облыстың 2 колледжі студенттерін оқыту басталды: Теміртау политехникалық колледжінде «өнеркәсіптік электроншысы» біліктілігі бойынша дайындық басталды, олардың әлеуметтік серіктестіктері Темиртау қаласының «Инкар–1» АҚ, «Теміртау электрометаллургия комбинаты» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС, «Ast Etalon Group» ЖШС өндіріс компаниялары және Қарағанды машинажасау колледжінде – «өнеркәсіптік механигі» біліктілігі бойынша даярлық жүргізілуде, негізгі әлеуметтік серіктестігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Қарағанды құю-механикалық зауыты», «Қазақстан Тау Машиналары» ЖШС, «Жөндеу-механикалық машина жасау зауыты» ЖШС, «Қарағандыэнергожөндеу» АҚ болып табылады.
2015 жылы Темиртау политехникалық колледжі мен неміс Evonik Industries AG кәсіпорын арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді.
Жұмыс берушінің талаптарына толық сәйкес келетін мамандарды дайындау үлгісі білім алушыларды әлеуметтік қолдау жоғары деңгейде қойылған «Қазақмыс» (Сәтпаев қ., Балхаш қ.) корпорациясы колледждерінің қызмет етуі болып табылады.
2014 жылы құрамына облысымыздың 5 колледжі енген «Рост-Өрлеу» Ресей мен Қазақстан өнеркәсіптік колледждерінің Ассоциациясы құрылды. Оны құрудың басты мақсаты – бірнеше бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын, техникалық оқу орындарын халықаралық деңгейде біріктіру.
Мүмкіндігі шектеулі балалар арасынан жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында білім басқармасының бұйрығымен «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ мен «Теміртау кәсіби-техникалық колледж» КММ базасында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыс басталды. 2015-2016 оқу жылынан КММ «Теміртау кәсіби-техникалық колледжінде» «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» («Сылақшы» біліктілігі) мамандығы бойынша оқыту ұйымдастырылды. Аталған мамандық бойынша колледждің әлеуметтік серіктестіктері - «Центрпромстрой» ЖШС, «Казкапиталстрой» ЖШС. «Қарағанды техника-құрылыс колледжінде» КММ «Декоративті – қолданбалы өнер және халықтық кәсіп»  («Суретші», «Жүн мен былғарыдан жасалған көркемдік бұйымдар дайындаушы», « Зергерлік және көркемдік бұйымдарға бөлшектер мен материалдарды дайындаушы») мамандығы бойынша оқыту ұйымдастырылған. Аталған мамандық бойынша колледждің әлеуметтік серіктестіктері ««Шебер» декоративті-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі мен «Қазақстан қолөнершілерінің Одағы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі. Студенттердің практикадан өтуі және оның ұйымдастырылуы, ИПҚ тағлымдамадан өтуі, оқу мекемесін материалдық-техникалық базамен жабдықтау, бітірушілерді еңбекпен қамту әлеуметтік серіктестік туралы шарт талаптарының құрамына кіреді.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы