home home

Балалар үйлерінің жанындағы бала асыраушы ата-аналар мектебінің қызметі туралы

Баланы орналастырудың отбасылық формаларын дамыту мәселелеріне мемлекетпен ерекше назар аударылуда. Баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуі – баланың негізгі құқықтарының бірін жүзеге асыру мақсатында, Елбасымыз дәл осы міндетті алға қойды.
«Бала асыраушы ата-аналар мектебін құру туралы» Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының 2015 жылғы 20 ақпандағы №49 бұйрығының негізінде, 7 балабақша және 2 Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы базасында алғаш рет заңгер мен психологтың 2 қосымша штаттық бірлігін енгізумен «Бала асыраушы ата-аналар мектебі» жобасы бел алды.
«Бала асыраушы ата-аналар мектебі» жобасының табысты жүзеге асырылуы үшін, «Бала асыраушы ата-аналар мектебінің жұмысын ұйымдастыру» және «Бала асыраушы отбасын әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыптарына ақпараттық-практикалық семинардың екі модулі өткізілді.
Ата-аналар мен балалардың туған отбасына үйренісуге дайындығының, ата-ана құқығынан айырылған немесе шектелген ата-аналардың отбасын қайтаруға, балалардың туған отбасына оралуына мотивациясының ерекшеліктерін анықтаудың психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-құқықтық критерийлері әзірленді, нормативтік құжаттарының тізілімі жүйелендірілді.
2015 жыл ішінде балалар үйінен бала алып тәрбиелеуге тілек білдірген асырап алушы отбасыларының артуы тенденциясы байқалуда. Асырап алу, қамқорлық, патронат, қонақ отбасы, туған отбасына қайтарылу балалар үйлерінің қызметіндегі өзін танытқан және әбден еңбегі сіңірілген формалар болып табылады.
«Бала асыраушы ата-аналар мектебі» жобасы аясындағы балаларды отбасына орналастыру мониторингі талдауы 2015 жылғы ақпан мен 2016 жылғы наурыз ішінде 79 баланың отбасына қабылданғанын көрсетті.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы