home home

«Әсем» балалар үйі КММ «Тәлімгерлік» жобасы

2015 жылдың қараша айынан бастап «Әсем» балалар үй» КММ негізінде «Тәлімгерлік» жобасы іске асырыла бастады.
Жобаның мақсаты: ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға көмек көрсету, өзіндік өмірлік әлеуетін жан –жақты ашу, және де ересек волонтер – тәлімгерлермен қарым – қатынас жасау арқылы өз бетінше өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.
Жобаға 14 тәлімгер – волонтер мен 12 балалар үйінің тәрбиенушілері қатысуда.
Жобаның дайындық кезеңінде (2015 жылдың қараша – желтоқсан айларында) координаторлар мен психологтар тәлімгерлер мен тәрбиенушілер арасында 6 кездесу ұйымдастырып, өткізді. Аталмыш кездесулер еркін, ойын түрінде өткізілді.
Жобаның дайындық кезеңінің соңында жұптар белгіленді: «Тәлімгер - бала». 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жобаның негізгі кезеңі іске асырыла бастады. Бұл кезеңде тәлімгер мен балалар арасында тікелей қарым-қанынас жасалып, жобаның қойылған мақсаттары іске асырыла бастады.
Әлеуметтік машықтарын дамыту үшін тәрбиенушілер мен тәлімгерлер бірге қаланың түрлі кәсіпорындары мен объектілеріне, яғни мұражайларға, көрмелерге баруда. Екі тәлімгер өздерінің қамқорлыққа алынған тәрбиенушілерімен «Невзрослые» атты мюзикл би-эстрадалық студияға баруда, бұл студияда балалар театрлық, хореография, вокал сияқты өнердің қыр-сырларын үйренуде. Сонымен қатар тәлімгердің бірі тәрбиеленушімен математика пәні бойынша дайындалып, колледжге түсуге көмек көрсету үстінде.
Сенімдік қарым – қатынас арқасында тәлімгерлер эмоционалды қолдау мен жағымды еліктеу бастау болып табылуда. Тәрбиеленушінің қызығушылық шеңбері арттырылуда, коммуникативті дағдылары жақсарып, тәртібінде жаңа жағымды қасиеттер қалыптасып, өз күшіне, өзіне деген батылдылық, сезімділік арттырылуда.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы